Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкім: халық алдында жауаптымын! - АРҚА АЖАРЫ

Әкім: халық алдында жауаптымын!

Облыс әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуінде тұрғындардан 70 сауал мен ұсыныс-тілек келіп түскен болатын. Соның ішінде 32 сұраққа берілген жауаптар үстіміздегі жылдың 16 ақпанында облыстық «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған болатын.  Бүгін 23 сұрақтың жауабын ұсынып отырмыз. Оның 4-еуі залдан қойылған, 8-і  қағазбен залдан берілген, 10-ы Call-орталығы, 1-еуі «Жедел желі» арқылы келіп түскен сұрақтар. Қалған сауалдардың жауаптары белгіленген мерзімде берілетін болады.

–Біздің облыста ірі кәсіпорындарды толық қуатына көшіру және жұмыс орнын сақтау мәселелері қалай шешілуде?
Абылайхан Сырымбетов, жеке кәсіпкер, Ерейментау ауданы.
Жауап: Біз құрылтайшылармен кездесіп, министрліктермен және Ұлттық компаниялармен келіссөз жүргіземіз. Жаңа сату нарығын зерттейміз. Қажет болса, қазіргі заманғы шындықты есепке алып өндірісті жаңғыртамыз. Нәтижесін «ЕПК-Степногорск», «СГХК», «КАМАЗ-Инжиниринг» және өзге ірі кәсіпорындардың жұмысынан көріп отырмыз.
– Соңғы кездері селодағы кооперацияны дамыту жөнінде көп айтылады. Бұл бағытта біздің облыста не жоспарлануда?
Надежда Калашникова, жеке кәсіпкер, Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты.
Жауап: Өткен жылдың күзінен бастап ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жалпы кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ету бо-йынша бағдарлама жүзеге асырылуда. Облыс бойынша бұл бағдарламаны жүзеге асыру аясында 18 өндірістік кооператив, 18 сүт сатып алу пунктін, 180 отбасылық мал бордақылау алаңын құру жоспарланған. Бұл шаралар мемлекеттік қолдау аясында жылына 6 пайыз үстемақымен несиелендіріледі. Сондай-ақ, биылғы жылы субсидиялау ережесіне өзгерістер енгізілді. Соның бірі – құрылған кооперативтерді субсидиялау. Бұған өндірістік кооперативке біріккен тұрғындардың шаруашылығы кіреді.
–Биылғы жылы облыстық бюджеттен Балкашин-Шаңтөбе автокөлік жолын жөндеуге қаржы бөлінгенін білеміз. Жөндеуді аудан орталығы – Балкашин селосынан бастау мүмкін бе?
Андрей Ким, Сандықтау ауданының тұрғыны.
Жауап: Бұл учаскені жөндеуге 300 миллион теңге қарастырылғаны рас. Тапсырыс беруші облыстық автомобиль жолдары басқармасы. Бұл мәселені шешуге болады.
–Аграрлық салада 2017 жылы қандай жаңалық болады?
Бағлан Ахмедова, «АгроДом» республикалық ауыл шаруашылығы газетінің бас редакторы.
Жауап: Қаржыландыру Азық-түлік корпорация-сы арқылы жүргізілмейтін болды. Қазір екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен несие беріледі. Бұл қиын болады деп Үкіметке хат жаздық. Бізге бұрын болған сұлбаны қалдыру қажет. Әйтпесе, ұсақ шаруа қожалықтары қиын жағдайға душар болады.
–Жаңа шаруа қожалықтары үшін 2017 жылы жер бөліне ме?
Жауап: Бұған ешқашан тиым салынбайды. Заңды норма бар, өтінім беру керек. Пайдаланылмайтын жерді сұрағанға бөлу қажет.  Банкте жатқан жер пайдаланылмайды. Бұл мәселелермен айналысуды банктерге міндеттеу қажет.
–Жергілікті атқарушы органдар учаскелік полиция инспекторларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша көмектесе ме?
Нариман Баешов, Ерейментау қаласындағы «Теплосервис» кәсіпорнының слесарі.
Жауап: Біз учаскелік инспекторлардың жұмысы үшін бірінші кезекте жағдай жасауға тырысамыз. Өткен жылы жергілікті полиция қызметін дамытуға облыстық бюджеттен 470 миллион теңге бөлініп, учаскелік инспекторлар үшін 25 «Нива» автокөлігі, жол полициясы үшін жылдамдығы жоғары 20 «КИА-Серато» автокөлігі, 144 оргтехника,70 радиостанция, 100 бейнетіркегіш, 12 жылдамдық өлшегіш, 1 арнайы «Ураган» автокөлігі сатып алынды. Аудан әкімдеріне учаскелік инспекторлар үшін қызмет тұрғын үйін және учаскелік полиция пункттері үшін бөлек орын бөлуді және жөндеуді тапсырдым.
–Мен Калачи селосы тұрғындарын көшіру бағдарламасының қатысушысымын. Ұйқы ауруына байланысты тұрғындарды көшіру мәселесін шешкеніңіз үшін село тұрғындарының атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі таңда тілек білдіргендердің барлығы облыстың өзге елді мекендеріне көшті. Тұрғын үйге жеке- меншік құқы шешілді. Өз елімнің азаматшасы ретінде Мемлекет басшысына алғысымды білдіріп, бұл мәселені шешуге қатысқан барлығына үлкен рахмет айтамын.
Любовь Говдий, зейнеткер, Есіл қаласы.
Жауап: Сіздің пікіріңіз бен тілегіңізге рахмет. Калачилықтар мәселесін шешумен бірқатар жыл айналысқанымыз құпия емес. Бірақ, мәселені шештік. Өз тарапымнан көшіру мәселесіне қатысушылардың барлығына алғысымды білдіремін. Калачи селосы мен Красногорск кентінен 207 отбасы, оның ішінде 72 отбасы шаруашылық субъектілері есебінен көшірілді. Көшкен азаматтардың жұмысқа орналаспағандары үшін бизнес негізіне оқыту және қайта даярлау қарастырылған. Аталмыш елді мекендерде 129 отбасы тұрады. Оның 105-і Калачи селосының тұрғындары.
–Балкашин селосындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қашан аяқталады?
Игорь Федченко, спортшы, Сандықтау ауданы.
Жауап: Аталмыш құрылысты аяқтауға биылғы жылы облыстық бюджеттен 125 миллион теңге бөлінді. Жұмыс биылғы жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланды.
–Целиноград ауданының Мәншүк ауылында су құбырының 90 пайызы тозған. Биылғы жылы құбырлар жөнделе ме?
Марат, Мәншүк ауылының тұрғыны.
Жауап: Биылғы жылы Мәншүк ауылындағы ұңғыма құдықтары мен сумен қамтамасыз ету жүйесі қалпына келтіріледі. Бұл мақсатқа 280 миллион теңге бөлінді, оның 250 миллион теңгесі республикалық бюджеттен. Қазір конкурстық шаралар жүргізілуде.
– Біздің естуімізше, ауданымызда ірі металлургиялық тау-кен байыту комбинаты салынбақшы екен. Кәсіпорынды қанша уақытта салып бітіреді және одан облысымызға нақты қандай пайда келмекші?
Джаваншир Меджидов, жеке кәсіпкер, Жарқайың ауданы.
Жауап: 2015 жылы Қазақстан-Қытай бірлескен инвестициялық бағдарламасы шеңберінде «Масаль тау-кен байыту комбинаты» серіктестігінің ірі жобасы басталған болатын. Жоба құны 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде.  Қазіргі күні жобаның жобалау техникалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Кеннің құрамын зерттеу және сынақтан өткізу жұмыстары аяқталды. Қытай тарапынан  қаржының жай-жапсары да қарастырылуда. Жоба құрылысы 2018 жылы басталып, 2021 жылы аяқталмақшы. Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы қосымша 2700-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады.
– Облыста су құбырлары тартылмаған-дықтан,  ауыз суды тасымалдап ішіп отырған елді мекендер де бар. Кейде оларға түрлі себептермен ауыз су жеткізілмей қалады. Осы ауылдарды сумен қамтамасыз ету бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Елена Иосифовна, зейнеткер, Шортанды ауданы Петровка ауылының тұрғыны.
Жауап:  Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы  шеңберінде 2020 жылға дейін тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. Облыс бойынша 608 елді мекен болса, оның 27-і ауыз суды тасымалдап ішеді. Аталған ауыз су мәселесі Аршалы ауданындағы 42 разъезд, Астрахан ауданындағы Каменка, Қорғалжын ауданындағы Өркендеу ауылдарында және Целиноград ауданындағы 96 разъезде биыл,  Целиноград ауданындағы Қаражар ауылында 2018 жылы шешілетін болады. Суды тасымалдап ішу мәселесін шешу күрделі болып отыр. Біріншіден, су қорын анықтау үшін барлау жұмыстарын жүргізу,  одан соң жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу қажет. Қазіргі кезде 15 елді мекенде су қорын анықтау бойынша барлау жұмыстары аяқталды.
– 2016 жылы облысымызда қанша мүгедек жұмысқа орналастырылды?
Людмила Михайловна, зейнеткер, Жақсы ауданының тұрғыны.
Жауап: Облыста барлығы 28 мың мүгедек тұрса, оның 12 мыңы жұмысқа жарамды. 2016 жылы барлығы 630 мүгедек жұмысқа орналастырылса, оның 180-і квота, 86-сі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылды. 11 жұмыс орны бойынша жәрмеңке өткізіліп, 15 мүгедек жұмысқа орналасты. Ағымдағы жылы 400 мүгедекті жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
– Жер телімі тиімді  пайдаланылып жатқанын анықтау үшін қайда жүгінуге болады?
Самал Ақбашева, Атбасар ауданының тұрғыны.
Жауап: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес біздің облыста бұл шаралар облыстық жерді пайдалануды және қорғауды бақылау жөніндегі басқарманың, аудандық маңыздағы қалалардың, ауыл, селолық округтердің әкімдерінің құзыретіне сай жүзеге асырылады.
–  Жекеменшік тұрғын үй салуға жер телімдері беріле бастапты. Осы жер телімдерінің кезегін қайдан көруге болады?
Есімі жоқ.
Жауап: Кезек туралы ақпаратты аудан, қала әкімдерінің немесе облыстық жер қатынастары басқармасының сайттарынан көруге болады.
– Еңбекшілдер ауданындағы ірі цемент
зауыты  қашан іске қосылады?
Рысжан Абжанов, Еңбекшілдер ауданының тұрғыны.
Жауап: Аталған жоба 2007 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, инвестиция толық игерілді. Соңғы  дайындық жұмыстары атқарылып,  құжаттары рәсімделуде. Қаңтар-ақпан айларында зауыт тестік режимде жұмыс істеп, дайын өнімді өткізетін нарық мүмкіндіктері зерттелуде. Зауыт зертханасы аттестаттаудан өтіп, 56 дана жабдықты қолдануға рұқсат алынды. 5 мың тонна клинкер және 4,5 мың тонна цемент шығарылды. Төрт тәуелсіз зертхананың шешіміне сай алынған цементтің маркасы ГОСТ бойынша М500Д0 маркасына сай келуде.  Өндірісті екінші жартыжылдықта іске қосу жоспарланған.
– «Арлан» хоккей командасы  облыс мақтанышы. Егер арландықтар ел чемпионы атанса, жоғары лигада өнер көрсете ме?
Команда жанкүйері, Көкшетау қаласының тұрғыны.
Жауап: Бірінші кезекте команда ел чемпионатында топ жаруы керек. Екіншіден, клуб ағымдағы жылдың тамызындағы жекешелендіру кестесіне енгізілді.  Команданың жоғары лигада өнер көрсету мәселесі осы екеуінен кейін шешілетін болады.
– Бес жылдан бері Бурабай аудандық мемлекеттік мұрағаты орын болмағандықтан, мекемелер мен ұйымдардан сақтауға құжат қабылдамайды. Бұл мәселе қашан шешімін табар екен?
Мөлдір Шәріпова, Бурабай ауданы әкімі аппаратының құжаттандыру бөлімінің маманы.
Жауап: Бұл мәселені шешу үшін биыл менің тапсырмам бойынша мұрағатқа ғимарат сатып алуға облыстық бюджеттен 49 миллион теңге қаржы бөлінді. Демек, құжат қабылдау мәселесі оң шешімін табатын болады.
«Жедел желі» арқылы жолданған сұрақтар
– 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, белгісіз себептермен менің зейнетақы алатын кәртішкем бұғатталып қалды. Кейін жүйеде ақау шығып, құжаттарым облысқа жолданды. Алайда,  әзірге нәтиже жоқ. Екі айдан бері зейнетақымды ала алмай жүрмін.  
Валентин Кимлач, Атбасар ауданы.
Жауап: Атбасар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының дерегі бойынша халық банкіндегі есеп-шотыңыздың бұғатталуына зейнетақы бо-йынша 20 теңге 32 тиын көлемінде жарна өсімінің қалуы  себеп болған. 2017 жылдың 30 қаңтарында сіз қазпошта бөлімшесі арқылы 30 теңге қарызды өтедіңіз. Атбасар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жеке есеп-шотыңыздың көшірмесін облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне есеп-шот ашуға жіберді. Алайда, мемлекеттік кірістер департаментінің өкімімен банктік есеп-шотыңыз қайтарылып алынбады да, есеп-шотыңыз ашылмады. Осыған орай, аталған департамент есеп-шоттың ашылмау себептерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетіне жазбаша хат жолдады. 2017 жылдың 14 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті аталған үкімді қайтарып алды. Осылайша 2017 жылдың 15 ақпанында жұмыс күні аяқталуы барысында сіздің есеп-шотыңыз бұғатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар