Осы уақыт аралығында Елбасының жетекшілігімен «Нұр Отан» партиясы қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтарын қалыптастыра білді.
Бұл тәуелсіз Қазақстан жылнамасының маңызды белесі. «Нұр Отан» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады және олардың орындалуына қол жеткізіп отырды.
Осы айтулы күнге орай, барша партияластарыма еліміздің дамуы мен өркендеуі жолындағы жұмысына қосқан үлестері үшін шынайы алғысымды білдіремін!
Игі істер жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша әріптестер! Сіздерге зор денсаулық тілеп, еңбектеріңіз жемісті бола берсін дейміз. Әрқашан арман-үміттеріңіз орындалып, толағай табыстарға жете беріңіздер. Жаңа тарихымыздың жарқын болашағы үшін әрдайым биіктерден көрінейік!
Ғалым БЕКМАҒАМБЕТОВ,
«Нұр Отан» партиясы
Ақмола облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.