Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орыстың қызы – қазақтың келіні - АРҚА АЖАРЫ

Орыстың қызы – қазақтың келіні

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанат Мыңбаевтың саяси-қоғамдық істерге белсене араласып, өзінің азаматтық ұстанымы бар беделді, абыройлы азамат екендігін бұрыннан естіп жүрген едік. Бүгінде оның отбасымен танысып, ұлтаралық қарым-қатынас, сыйластық, бірлік жайында әңгімелесіп, сұхбаттастық.

 

Жанат Мыңбаев мектеп бітірген соң, қазақ-араб халықаралық университетіне оқуға түсіп, оны ойындағыдай тәмамдап шығады. Қазіргі таңда ауданның қоғамдық істеріне белсене араласып, отбасымен түрлі мерекелік отбасылық байқауларға қатысады. Аяулы жары Тамара Михайловна мемлекеттік қызметші. Ол ауданның құрылыс бөлімінде бас маман – бухгалтер болып жұмыс істейді. Қазақ азаматына тұрмысқа шыққаннан кейін сүйікті жарының діні мен ділін, салт-дәстүрі мен мәдениетін толық қабылдап, бүгінде туған-туысы мен бауырларының арасында қазақтың келіні деген атқа лайықты болып отыр. Қазақтың салт-дәстүрі мен наным-сенімдерін берік ұстанады. Ұлттық мейрамдарды да ата салтына байланысты сән салтанатпен, оның мән-маңызына бойлап, терең ұғынып, барынша қарсы алады. Білмегендерін үлкендерден сұрап, үйренуден тайсалмайды. Кей жағдайларда қазақтың ұлттық тағамдарын Интернет желісінен қарап алып, әзірлейді екен. Ұлттық мейрамдарда ақ дастарханынан бауырсағы мен сары майы, құлақ наны мен еті ешқашан жиылмаған. Дас-тарханы қазақтың кең пейіліндей төгіліп жатады деп, көршілері де отбасының ұлттық дәстүрлерді үнемі ұстанатындығын айтып берді.  
Ардақты жұбайы екеуі бүгінде үш баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеуде. Аида есімді қыздары А.Үкібаев атындағы орта мектепте екінші сыныпқа барады, ұлы Айдар даярлық сыныбында. Екеуі де қазақ сыныбында оқиды. Анасының ұлты орыс қой, балалар көбіне ана тілінде сөйлемейді ме? деп сауал қойғанымызда, Тамара Михайловна бізге:
– Олардың ата-бабаларының ежелден сөйлеп келе жатқан тілі –  қазақ тілі. Сондықтан, мен олардың өздерінің тілдерін жақсы білгендерін қаладым. Сол себепті, оларды қазақ сыныбына оқуға бердім. Оның үстіне қазіргі таңда мемлекеттік тілді білуге мемлекет, Елбасы тарапынан аса мән беріліп жатыр. Жаңа оқу бағдарламасы аясында балаларымыз тіпті, үш тілді де меңгеріп шығулары мүмкін. Қазір олар орыс тілінде де сөйлей алады, бірақ, мен өзім де қазақша үйреніп, балаларыма туған тілдерін үйренулеріне барынша атсалысып жатырмын. Өзіңнің туған тіліңді білу – әрбір азаматқа парыз, – деді үш баланың анасы Тамара. Кенжелері Айдос аудандағы «Шаңырақ» балабақшасында қазақ тобында тәрбиеленуде.  
– Біз сен – орыссың, мен – қазақпын деп, ұлтқа бөлінбейміз. Менен көп адамдар «қазақтың қызы жетпеді ме, неге орыстың қызына үйлендің?» деп жиі сұрайды. Сонда мен бұрын қысылып, әртүрлі тұрғыдан әзілмен жауап беретінмін. Қазір Олжас Сүлейменовше жауап беретін болдым. Кезінде одан біреулер: «сен қазақты жақсы көрмейсің, сен орысшылсың, қазаққа неге үйленбедің?» деп сұраған екен. Сонда Олжекең тапқырлықпен былай депті: «Мен – қазақпын. Қазақтың әрбір қызы менің қарындасым. Мен қалайша өзімнің қарындасыма үйленемін?» деген екен. Осындай ұтқыр жауапты қазір мен де айтып жүрмін, – дейді Жанат Тасболатұлы.
Шаттығы шалқыған, тату-тәтті  отбасындағы жұбайлардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сыйластығы, ойларының бір жерден шығуы, туған-туысқа жақын болулары, осының барлығы ұлтаралық келісімі мен татулығы мығым қазақ елінің берекелігінен шығар деп топшыладым мен ішімнен.
Мыңбаевтар отбасы ауданның қоғамдық мәдени өміріне белсене қатысады. Балалар арбасының шеруіне, отбасылық старт және тағы да басқа спорттық, мәдени көпшілік іс-шараларға қатысып, үнемі алдыңғы орындардан көрініп жүреді екен. Отбасындағы ең жақсы көретін мереке – 1 мамыр – Бірлік күні мен Наурыз мейрамы. Сонымен бірге, Жанат пен Тамара балаларына 1 маусым – Балаларды қорғау күнін де қызықты етіп ұйымдастырып, балаларын мейірім мен махаббаттарына бөлейді. Мыңбаевтардың отбасы барлық жарқайыңдықтарға үлгі.  

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар