Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқан Вернерлер әулеті - АРҚА АЖАРЫ

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқан Вернерлер әулеті

 

Вернерлер отбасы ата-бабаларының жолымен ұстаздықты таңдаған мұғалімдер әулеті. Отағасы Гельмут Вернер, үйдің отанасы Лиля Митрофановна, олардың ұлы Владимир, қызы Светлана, келіні Нина, немерелері Николай мен Денис барлығы дерлік педагогтік қадірлі мамандықтың жолын ұстанған майталмандар. 

 

Гельмут Вернер өткен ғасырдың жетпісінші жылы аудандық білім бөлімінің жұмысын ұйымдастыру үшін жолдамамен келген. Кейін оны Армавир кеңшарына мектеп директоры етіп жіберді. Ол жақта 18 жыл бала тәрбиелеумен айналысты. Жұбайы Лиля Митрофановна Магнитогорскідегі мемлекеттік институтты бітірген. Бастауыш сынып мұғалімі. Мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарды. Ұрпақ тәрбиелеу ісіне қосқан зор үлесі еленіп, ҚазССР-інің білім беру үздігі белгісімен марапатталыпты.  Гельмут Вернер екеуі төрт баланы дүниеге әкеліп, оларға тәлім-тәрбие беріп, жеткізіп, жоғары оқу орындарында білім алуларына ықпал етеді. Баласы Владимир оқуын бітірген соң ұстаз болып сол елді мекенде бір жылдай жұмыс істейді. Отан алдындағы азаматтық парызын өтеу үшін әскер қатарына алынып, сарбаз атанды. Әскерден келген соң, Нина есімді қызбен шаңырақ көтеріп, ұстаздық жолын жалғастырды. Вернер әулетінің келіні де мұғалім екен. Сөйтіп, олардың отбасында дүниеге келген немерелері де ата жолымен, әке тәрбиесімен мұғалімдік мамандығын таңдайды. Келіні Нина қайын енесінің ізін жалғап, ҚазССР білім беру ісінің үздігі атанды. Қыздары Наталья мен Светланалар да ұрпақ тәрбиесімен айналысуды жөн санап, осы бір қадірлі мамандықтың тұтқасын ұстайды.  Светлана күні бүгінге дейін мектепте сабақ береді. Білім беру саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асты.
Тоқсаныншы жылдардың басында Гельмут Вернер отбасымен Бұланды ауданына көшті. Екі қызы Наталья мен Алена ата-анасымен бірге кетеді. Отағасы сол аудандағы Новокиевск мектебінде зейнетке шыққанша директор болып жұмыс істеді.
Бүгінде Гельмут Вернердің бұл дүниеден өткеніне жеті-сегіз жылдың жүзі болды. Екі қызы отбасылық жағдайларына байланысты Ресейге көшіп кетіпті. Ал, ұлы мен Светлана есімді қызы Лиля Митрофановнаны өздерінің қастарына Спиридоновка селосына көшіріп әкелді. Осы елдің топырағы мен ауасы, табиғатына үйреніп, халқына бауыр басып қалған Лиля Вернер бүгінде немере, шөберелерінің қызық-қуанышына бөленіп, шат-шадыман күн кешуде. Николай есімді немересі осы уақытқа дейін отбасы, табиғат, махаббат тақырыптарындағы өлеңдерін жинақтап, 3 кітап шығарыпты. Вернер балаларының жетістіктері үшін қуанып, олардың отбасылық дәстүрлі мамандықты жалғастырып келе жатқанын мақтаныш етеді. Балалары мен немерелері әжесін ұмытпай, мерекелерде, мұғалімдер күнінде үнемі құттықтауды әдетке айналдырған.

Спиридоновка ауылы,
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар