Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
16 миллион 649 мың теңге айыппұл өндіріліп алынды - АРҚА АЖАРЫ

16 миллион 649 мың теңге айыппұл өндіріліп алынды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өткен жылы бюджет қаржысын тиімді жұмсау жөнінде 194 тексеріс өткізді.

Оның барысында департамент 20 миллиард 298 миллион 66,4 мың теңгенің бюджеттік қаржысын тексеріп, 12 миллиард 559 миллион 356,05 мың теңгенің немесе жалпы соманың 61 пайызы бойынша заң бұзушылықты анықтады. Есептік кезеңде департамент заң бұзушылық  бойынша аудит нысандарындағы лауазымды тұлғаларға айыппұл түрінде әкімшілік шара қолдану жөнінде 89 қаулы шығарып, заңды тұлғаларға 16 миллион 989,210 мың теңге айыппұл салды.
  Оның ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік заң бұзушылық жөніндегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабы бойынша 61 қаулы шығарылды. Заңды тұлғаларға бухгалтерлік тіркеу және қаржы есебі жөнінде Қазақстан Республикасы Заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік заң бұзушылық жөнінде Қазақстан Республикасы Кодексінің 239-бабы бойынша 25 қаулы шығарылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасынан бюджет кірісіне
16 миллион 649,850 мың теңге қайтарылды. Бұл жалпы айыппұл сомасының 98 пайызы.
Талғат ДҮЙСЕНБЕКОВ,   
Ақмола облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаменті
басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар