Өңірлік коммуникациялар қызметінде жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафонына арналған брифинг өтті.
Осы орайда, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәлік Ахметқалиев журналистерге марафонның мақсаты мен мән-жайы туралы жан-жақты әңгімелеп берді.
Халық арасында құқықтық мәдениетті көтеріп, жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында өткізілетін мұндай марафон биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шара облысымыздың барлық өңірлерін қамтып, қорытындысы 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай шығарылмақшы. Марафон қорытындысына сай, шараға белсене қатысушылар арнайы марапатталатын болады.
Мәлік Ахметқалиевтің айтуынша, жемқорлыққа қарсы марафонға барлық жергілікті әкімдіктер мен қоғамдық ұйымдар, «Нұр Отан» партиясының филиалдары, жастар ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары қатыспақ. Әрбір өңірде марафонды өткізуге байланысты іс-шаралар жоспары дайындалып, жұмыс соған сай жүргізілмек. Өңірлерде жүргізілген жұмыстардың қорытындысына сай арнайы бейнефильмдер мен фотогалереялар
дайындалатын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.