Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ардагерлер қолдау білдірді - АРҚА АЖАРЫ

Ардагерлер қолдау білдірді

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен өткен облыстық ардагерлер ұйымы активінің мәжілісінде Елбасының ұсынған конституциялық реформалар жобасы, ардагерлер ұйымдарының өткен жылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы мәселелер талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде ардагерлерді Мемлекет басшысының ұсынысымен қабылданған, биыл екінші рет аталып өткелі отырған 1 наурыз – Алғыс күнімен құттықтады. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова Қазақстан Рес-публикасы Президентінің ұсынған конституциялық реформалар жобасы туралы жан-жақты баяндап берді. Билік тармақтарын бөлуге қатысты Еңбекшілдер аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Василий Устянцев пен Ерейментау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Әбдин де өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл өткен жылғы атқарылған жұмыстар жа-йында баяндады. Бүгінгі күні облыста 109990 зейнеткер бар екен. Яғни, ардагерлер ұйымы аймағымыздағы ең ірі қоғамдық ұйым болып саналады.  2016 жылы еліміз бойынша аталып өткен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерейтойынан ардагерлер де тыс қалған жоқ. Барлық өңірлерде ардагерлер ұйымдары тәуелсіздігіміздің торқалы тойына арнап түрлі шаралар өткізді. Ардагерлерді әлеуметтік жағынан қолдауға әрдайым жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінеді. Өткен жылы 105303 зейнеткер түрлі әлеуметтік көмектер алған. 1002 ардагер шипажайларға тегін жолдама алып, денсаулықтарын түзеген. Ардагерлер мәдени-спорттық шаралардан да сырт қалмайды. Шахмат-дойбы жарысы өткізіліп, үздік шыққандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тағы бір атап өтерлігі, өткен жылы Көкшетауда тұңғыш рет ардагерлер қазақтың ұлттық ойыны – асық ату жарысын өткізді. Биылғы жылғы өткізілетін шаралардың бәрі де ардагерлер ұйымының құрылуының 30 жылдық мерейлі датасына арналмақ.
Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының баяндамасын талқылауға Ақкөл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Айжан Мананбаева, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі тұрақты комиссиясының төрайымы Рита Костенко, облыстық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық басшысының орынбасары Жанар Ержанова және Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Дуанбай Ыбырай қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді. Мәжіліске қатысушылар барлық ардагерлерге және облыс тұрғындарына арнап үндеу қабылдады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар