Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астана қаласында өтетін «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі аясында облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ақмола – жырымның арқауы» атты жекпе-жек айтысының тағы бір іріктеу кезеңі өз мәресіне жетіп, бірі - АРҚА АЖАРЫ

Астана қаласында өтетін «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесі аясында облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ақмола – жырымның арқауы» атты жекпе-жек айтысының тағы бір іріктеу кезеңі өз мәресіне жетіп, бірі

 Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Бұл жолы екі жұп өз өнерлерін ортаға салды. Бірінші жұпта  Мұхамед Қоңқаев пен Тоқтасын Семейханұлы  өзара сөз таластырса, екінші жұпта Қуаныш Оспан мен Нұрболат Серікұлы айтысты.    Өнерсүйер қауым арнайы дауыс беру парақшасы арқылы өздері шын жүйрікті таңдап өнерлерін бағалауға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы берілген дауыстар да есепке алынады. Бұл пікірлерді қазылар алқасы да ескеріп, ортақ бір шешім шығарылады. Алғашқы жұпта өнер көрсеткен екі ақынның ішінде сөз жоқ Мұхамед Қоңқаев өзінің  айтыс өнерінде едәуір төселіп қалған, болашағынан зор үміт күттіретін дарын иесі екендігін аңғартты. Десек те, ақындардың сөз саптауы, тақырыптан ауытқуы, айтыстың көркемдік деңгейін төмендететінін жоққа шығаруға болмайды. Әсіресе, ұйқас қуып, сөздің құнын жоғалтып алатынымызды ескере бермейміз. Осындай кемшіліктер осы жұпта айтысқан ақындардан анық байқалды. Бәлкім соңғы жылдары айтыстан қол үзіп қалғандығынан да болар, Тоқтасын осы жолы өз бабында болмай шықты. Ал, екінші жұпта бүгінде есімдері облысқа танымал талантты ақындар сынға түсті.  Қуаныш Оспан «ә» дегеннен-ақ, көпшілікті өзіне қаратты. Сөз саптауы, мақамы, әдемі әзілі, астарлы ойы көптің көңілінен шықса, Нұрболат Серікұлы да қарсыласынан еш кем түспеді. Сөз жарысында бұл екі ақын біріне-бірі дес бермеді десек те болады. Сонымен, бірінші айналым қорытындысы бойынша Нұрболат Серікұлы, Қуаныш Оспан, Нұрислам Әбділ мен Ерлан Дәулет жеңімпаз атанып, наурыз айында өтетін келесі кезеңге жолдама алды.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Суретте: Нұрболат Серікұлы мен Қуаныш Оспан.
Суретті түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар