Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлік пен келісім қағидалары негізге алынған - АРҚА АЖАРЫ

Бірлік пен келісім қағидалары негізге алынған

Облыс орталығындағы Достық үйінде өткен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауы талқыланды.

Іс-шараға аталған кеңестің, этно-мәдени, жастар ресурстық орталықтарының мүшелері, мәслихат депутаттары қатысты. Жиынды кеңес төрағасы Ғосман Төлеғұл жүргізіп отырды.  
– Елбасы өзінің биылғы Жолдауында  – еліміздің үшінші жаңғыруы жолындағы мақсат-міндеттерді айқындап, белгілеп берді. Аталмыш құжаттан – жарқын болашаққа баратын тура жолдың жоспарын,  мемлекетті әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың нақты қадамдарын көруге болады. Осы маңызды құжаттағы көзделген міндеттерді уақытында сапалы түрде жүзеге асыруға әрбір қазақстандық өзінің үлесін қосатынына сеніміміз зор, – дей келе, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл басты құжаттағы бірқатар міндеттерге тоқталып, олардың мән-маңызын түсіндірді.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Ақмола облысы поляктарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий, «Чуваш этно-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Күміс Мұратбекқызы, Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының басшысы, қалалық мәслихаттың депутаты Тимур Ысқақов Қазақстан Республикасының Президенті өзінің жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауында белгілеп өткен үшінші жаңғырудың бес негізгі басымдығы туралы өз ойларын білдірді. Бұдан соң, азаматтық, қоғамдық келісім және қоғамдағы жалпы ұлттық бірлік қағидаларына негізделе отырып, қазақстандық бірегейлікті нығайту мен дамыту бойынша міндеттерді іске асыру мақсатында қоғамдық келісім кеңесінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Іс-шара барысында облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен сараптамалық сауалнама өткізілді.
Бүгінде облыстың елді мекендерінде 240 қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді, олардың 220-сы ауылдық  жерлерде орналасқан, онда 2800-дей адам бар. Олар да Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауын талдап, талқылау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.  
Облыстағы қоғамдық келісім кеңестері Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен құрылып, бүгінде халықтың кез-келген өзекті мәселелерін талқылауға, құрылымдық шешімдерді өңдеуге және қабылдауға арналған әмбебап диалогтық алаңға айналып отыр. Олар әлдеқайда маңызды мәселелерді ашық талқыға салып, қоғамдық пікірді мемлекеттік органдарға жеткізуде.
Бақыт МҰХАМЕДРАХИМОВА-ТАСОВА,
Ақмола облысы әкімінің  аппараты жанындағы  «Қоғамдық келісім»
КММ  баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар