Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жетекші партияға – 18 жыл - АРҚА АЖАРЫ

Жетекші партияға – 18 жыл

Көктемнің алғашқы күні «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 18 жыл толды. Осы айтулы оқиға партияның Ақмола облыстық филиалында партия ардагерлері мен мүшелерінің, облыстық, қалалық мәслихаттар депутаттарының  және  қоғамдық жұртшылық өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиналысқа ұласты. 

Алдымен, осы уақыт аралығындағы партияның ұлан-ғайыр істерінен бейнебаян көрсетілді. Онда облыстық филиалдың аймақтың дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысы кеңінен қамтылды. Бүгінгі таңда Ақмола өңірінде еліміздегі жетекші партияның 45 мыңнан астам мүшесі бар. Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту бағыттары бо-йынша  қабылданған бағдарламалар ойдағыдай орындалуда. «Родина» агрофирмасы» серіктестігінің  бастауыш партия ұйымы жоғары жұмыс көрсеткіштері нәтижесінде республикамызда екінші орынға қол жеткізіп отыр.
Қазіргі уақытта Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын халық арасында насихаттау шаралары да қызу қолға алынған. Бұл игі іске бір  мыңнан астам партия мүшесі қатысуда. Өткен жылдың  жұмыс қорытындысы бойынша облыстық филиалдың қоғамдық қабылдауы да елімізде екінші орыннан көрінуі үлкен жетістік. Мұнда бір жылда тұрғындар тарапынан 4 мың өтініш-тілек түскен. Бұл – халықтың «Нұр Отан» партиясына деген сенімін көрсетеді. 2016 жылы облыс көлемінде  тағдырдың жазуымен мүгедектер арбасына таңылған адамдардың мұң-мұқтажын ескеруге  арналған «Кедергісіз келешек» бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылды. Сөйтіп, 4 миллион теңгеден астам қаржы жиналып, мүгедектердің осы тобының көкейкесті мәселелерінің шешім табуына бағытталды.
Бұдан кейін көрсетілген «Ризамын елім, саған!» бейнеролигі де жиналғандарды әсерге бөледі. Көпшілік алдында сөз алған облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов 18 жыл бойы партия беделінің өсіп, қатарының молая түсуіне үлес қосумен келе жатқан әріптестеріне алғысын жеткізді.
Одан әрі бірнеше аталымдар бойынша өз салаларында үздік нәтижелерге қол жеткізген әртүрлі мамандық иелеріне марапаттар тапсырылды. Олардың қатарында облыстық аурухананың дәрігер-интервенті Біржан Әйтімов, «Ділмар-КУАМ» клубының мүшесі, республикалық пікірсайыс жеңімпазы Ерқанат Нұрахмет, «Шанс» мүгедектер бірлестігінің төрағасы, республикамызда алғашқы болып инвотакси қозғалысын енгізген Василий Шиманский, «Алтын ел» бастауыш партия ұйымының төрағасы, еліміздің  үздік геодезисі Эльдар Азизов, тағы басқалары бар.  Осы орайда, облыстық филиалдың қоғамдық қабылдауының меңгерушісі Қымбат Жүсіпова мен С.Балпанованың арнайы сертификаттарға, ал, бірқатар жастардың  Алғыс хаттарына ие болғанын да айта кету керек.
Облысымыздың бетке ұстар жас өнерпаздары ән шырқап, күй шалқытса, партияның Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова құттықтау сөз сөйлеген салтанатты жиналыс бір топ  ақмолалықтарға партия мүшесі билеттерін тапсырумен аяқталды. Бұл қуанышты күні Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Иван Юрченко, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы, 40-тан астам балаға патронаттық тәрбие беріп отырған бұландылық Серік Әкімбаев және өзге де бір топ лайықты тұлғалар партия қатарын толықтырып, қоғам алдындағы жауапкершілік жүгін одан бетер сезіне түсті. Әсіресе, бұл тізімде Ақмола облыстық перинатальдық орталығының дәрігерлері көп болды. Осылайша партияның 18 жылдығы жарқын мерекеге ұласты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар