Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдың жағдайы баса айтылды - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдың жағдайы баса айтылды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Ғалым Бекмағамбетов Елбасының биылғы Жолдауын және мемлекеттік басқаруға қатысты жатқан жаңа реформаларды түсіндіру мақсатында Нұресіл ауылында болып, ондағы жұртшылықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Халықпен кездесу кезінде депутат маңызды құжатта белгіленген міндеттермен қатар, жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сыбайлас жемқорлықтың орын алу себептерін жою мен оның алдын алу және анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды күшейту мәселелері туралы баяндады. Діни көзқарас, экстремизм мен терроризмге қатысты өзекті мәселелер де депутат назарынан тыс қалмады.
Кездесуге ауыл әкімі Сейфолла Ысқақов бастаған тұрғындар, «Ақтық» агрофирмасы акционерлік қоғамының бас директоры Марат Қамзебаев және №7 Воздвиженка сайлау округінің бастауыш партия ұйымының өкілдері қатысты.  Ғалым Бекмағамбетов Елбасы Жолдауының Қазақстанның болашақ дамуының басымдығын айқындайтын маңызды құжат екендігін атап өтті. Марат Қамзебаев ауыл шаруашылығын қалыптастырудағы субсидиялаудың принциптерін қайта қараудың өзектілігіне тоқталып, қазіргі уақытта осы мәселеде кездесіп жатқан кемшіліктер мен олқылықтардың бар екендігін айтып берді. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықтың көптеген  фактілеріне тоқталып, олардың мемлекеттік қызметшілердің арасында орын алып жатқандығына және орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында қылмыстың алдын алуға бағытталған жұмыстарды күшейту қажеттігіне тоқталды.
Кездесуден кейін Ғалым Бекмағамбетов Астана қаласындағы №2 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында болды. Онда Елбасының реформасының маңызы мен биылғы Жолдаудың міндеттерін түсіндірді. Еркін әңгімелесу түрінде өткен кездесуде мұғалімдер ҰБТ-ның жаңа форматта өтуіне қатысты көптеген мәселелерді алға тартты.  Өткен жылы бұл мектеп-интернаттың оқушылары ҰБТ қорытындысында орташа балл көрсеткіші 104,4-ті құрап, үздіктер қатарында болған еді. Білім ордасында 33 мұғалім,
8 тәрбиеші жұмыс істейді. Өткен 2016 жылы 26 оқушы оқу бітірсе, оның 8-і «Алтын белгімен», 1-еуі үздік аттестатпен аяқтаған.  
Бұдан соң, депутат жұмыс сапарын Аршалы ауданында жалғастырды.
Динара ДҮЙСЕН,
«Нұр Отан» партиясы  облыстық
филиалының баспасөз хатшысы.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар