Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әр нәрсенің реті бар - АРҚА АЖАРЫ

Әр нәрсенің реті бар

«Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» демекші, білімсіз күніміз жоқ. Алайда, менің өз пікірімше, қазір бұрынғы оқу мен осы күнгі  оқудың арасы жер мен көктей болып кетті.

Біріншіден, балалардың ұғымына оқулықтар ауыр. Екіншіден, өз ана тілімізді біліп алмай, жеткіншектерге қазақ тілінің қадір-қасиетін ұқтырып алмай, шет ел тілі деп  атойлайтын болдық. Неге екенін білмеймін, тым еліктегіш, тым жалтақпыз.  Бұрын неміс тілін мектепте 5 сыныптан бастап оқытушы еді. Оған дейін  бала өз тілін біршама меңгеріп, басқа тілді оқып-үйренуге де  ептеп дайын болатын.
Ал енді, сөзімнің басында айтқан оқу бағдарламасына келейік. 1  сыныпта балаға «Қызыл кітапқа» кірген құстардың атын ата» депті. 2 сыныпта Ыбырай Алтынсаринге өлең шығарып кел дейді. «Қызыл кітапқа» енген құстардың атын бала түгілі ата-анасы да біле бермейді. Мұндай ауыр тапсырмаларға ата-аналар қарсы. Мұның өзі мұғалімдерге де оңай соқпауда. Реті келсе, осыдан басқа жұмысқа
ауысып жатқан ұстаздар да баршылық. Әйтеуір, көбі кезінде мектепке орналасқан соң зейнет жасына дейін сонда жүруге мәжбүр сияқты әсер қалдырады.
Әрине, бала ағылшын, түрік, қытай тілдерін үйренбесін деген ой менде жоқ. Үйренсін, бірақ, бәрі   қазіргідей емес, ретімен болуы керек қой. Алдымен, осы ұлттың баласы болғаннан кейін ұл-қыздарымыз, немерелеріміз қазақ тілін меңгерулері керек. Қазір біз сол қарапайым қағидадан ауытқып тұрған елміз.

Іңкәр САЙДАЛЫҚЫЗЫ.
Қызылегіс ауылы,
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар