Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жанашыр жандарға мың алғыс - АРҚА АЖАРЫ

Жанашыр жандарға мың алғыс

Көкшетау қаласында жаңа мешіт салынғалы жамағат саны артып, Алланың үйіне шынайы қамқорлық қолдарын созған адамдар да көбейе түсті.

Еңселі мешіт болғасын күнделікті коммуналдық және басқа да қызмет түрлерін тұтыну көлемі де аз еместігі анық.
Міне, осыған жанашырлық танытатын жандардың қатарында С.К.Белгібаев басқаратын «Эл-нұр Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де бар. Бұл кәсіпорын жаңа мешіттің энергиялық сараптамасын тегін жасап, көмек көрсетті. Алланың разылығын алсақ деген ниеттері бізді қатты қуантты.
Біз Науан хазірет мешіті мен оның жамағаты атынан аталған серіктестік директоры С.К.Белгібаевқа, электр зертханасының басшысы Б.Е.Қажымұратовқа және сарапшы А.М.Ғаббасовқа шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Әр істеген істеріне берекет беріп, нәсіп-несібелері арта берсін дегіміз келеді.
Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешіті.

 

 

 

Бұл өмірде ауырып-сырқамайтын пенде жоқ. Солай демекші, мен де дертіме шипа іздеп, Бурабай аудандық ауруханасы гинекология бөлімінің меңгерушісі Қарашаш Дүйсенбайқызы Досымбекованың алдына келдім.

 

Ол кісі алғашқы ем-домын жасап, жанашырлықпен Көкшетау облыстық  перинатальдық орталығына жолдама берді. Осылайша білікті дәрігердің арқасында  аталған орталықта ақ халатты абзал жандардың ыстық ықыласы мен жылы алақанын сезіндім. Мұнда маған осы емдеу орнының гинекология бөлімінің меңгерушісі   Болат Шайзада ота жасап, өміріме қауіп төнген сәтте арашашы бола білді. Сол үшін де ол кісіге айтар алғысым шексіз. Өз істеріне тиянақты, әрдайым науқастардың, ана мен баланың жағдайын ойлайтын орталық дәрігерлері мен мейірбикелеріне, басқа да қызметкерлеріне шексіз ризашылықпен «Арқа ажары» газетіне осы хатымды жолдап отырмын. Әрқашан көптің алғысын арқалап, жұртшылық көңілінен шыға беріңіздер!
Қолың жеңіл, дертке дауа сөздерің,
Жылу берер күлімдеген кездерің.
Көп болсыншы ақ желеңді дәрігер,
Біздер үшін  ауруды жеңген кездер.   
Қымбат ШӘЙМЕРДЕНОВА.
Бурабай ауданы.

 

 

Щучинск қаласында орналасқан «Медикус» медицина орталығының дәрігері, эндокринолог Зербала Молдахметқызы Тұрсынбаеваға адам баласына тілейтін барлық жақсылықты тілеймін.

 

Әрқашан алдына барған сырқат жанды жылы шыраймен қарсы алып, қолдан келген көмегін аянбайтын сіздей жандар арамызда көп болсын.
Жаңа бағыттағы емдеу орны болғандықтан шығар, өзім барып, денсаулығымды түзеп жүретін  бұл орталықта дәрігерлер әрқашан діттеген ойыңнан шығады. Солардың бірі өзім сөз басында ауызға алған – Зербала Молдахметқызы. Осы бір ақ халатты абзал жанға мен сияқты көп адамдар риза ғой  деген ойдамын. Сондықтан да, алда келе жатқан көктем мерекелерімен құттықтап, халықтың денсаулығы жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз өз жемісін бере түсуіне шын жүректен жылы лебізімді білдіремін.
Қайырбек ТОҚСАНБАЕВ.
Макинка ауылы,
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар