Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлықпен бірігіп күресуіміз қажет - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлықпен бірігіп күресуіміз қажет

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен «Достар» мәдениет сарайында өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-тың рөлі»  атты форумда қоғамдағы осы кеселмен күрестің жолдары мен міндеттері туралы сөз болды.   

Форумда қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Грузия елінің жемқорлықпен күресудегі тәжірибесі туралы кеңінен әңгімелеп берді. Мәселен, Грузияда бірнеше жылдан бері Парламенттің күн тәртібінде қаралатын заң жобасына қоғамдық мониторинг жүргізіп отыратын арнайы мемлекеттік орган жұмыс істейді екен. Министрліктер мен қоғам өкілдері азаматтармен кездесіп, жаңадан қабылданатын  заң жобаларын  талқылайтын көрінеді. Ол басқа да мемлекеттердегі жемқорлықпен күрес жолындағы жүргізіп жатқан жұмыстарды мысалға келтірді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өңірдегі 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың басым бағыттарын айтып берді. Облыста жемқорлықты анықтап, жолын кесу, алдын алу бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Оған қоса, бизнес өкілдерімен және тұрғындармен жұмыс жүргізуде жемқорлық әрекеттеріне жол ашатын кедергілерді азайту қолға алынуда. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мұхсимов өз сөзінде  мемлекеттік қызметшілердің тарапынан орын алып жататын жемқорлыққа тоқталып, оларды болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Биылғы Жолдаудағы Елбасының  осы салаға қатысты жүктеген міндеттері де кеңінен қамтылды.  
«Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұлов сонау тоқсаныншы жылдары Алматыда сыбайлас жемқорлықпен ашық күресу жолында айтарлықтай жұмыстар жүргізгендігін, базарларды аралап, бағаның шарықтауына жол бермегендігін айтып, Қытайдағы жемқорларды ұстаудағы БАҚ өкілдерінің іс-тәжірибелері туралы әңгімелеп берді. Мәселен, онда электронды сайттарда журналистер мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғалардың жалақылары соншалықты көп болмаса да, қымбат көлік мініп, коттедж салып жатса, оны суретке түсіріп, жариялап отырады екен. Мұнымен олар арнайы органдардың жұмысын жеңілдетуге көмектесетіні сөзсіз. Ал, журналист, экономист, мемлекеттік қызметші Ерболат Мұхамеджан БАҚ өкілдерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолында журналистердің жазып жүрген мақалалары мен түсірген сюжеттері мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істегеннен кейін белгілі бір шеңберден аса алмай жататындығын, газеттердің белгілі бір көлемде мемлекеттік мекемелерге, әкімдіктерге тәуелділігін айтып, БАҚ өкілдеріне заң тұрғысында еркін жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе деген пікірін білдірді. Талдау, зерттеу, сараптамалық материалдар дайындау үшін біршама уақыт кетеді, алайда оның нәтижесі болуы керек деп қорытындылады өз сөзін.
Шара соңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша осы мәселеге қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жан-жақты айтып, форум тақырыбы аясында өз ойларымен бөлісті.  
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар