Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәрімізге керек ақша - АРҚА АЖАРЫ

Бәрімізге керек ақша

«Халық Банкінде» Айша Ерденованың да қолынан өтеді

 

Адамды абзал атына сай ететін адал еңбегі мен жағымды мінезі екендігі айқын. Ол өн бойына өз халқының момындылығы мен кісілігін, кішілігі мен ізгілігін, өнегесі мен парасатын дарыта білген жан.  Ондайлар анау-мынау шатаққа әуес те емес. Талап-талғамына сай оқыған, жоғары білім, тиесілі мамандығын алған, соған сәйкес ұжымдық ортаға араласқан, айналасындағы көп замандастарының бірі ретінде таниды өзін.
Үйрете жүріп үйренуден жалықпаған, сәтті жұмысына қуанған, сәтсізіне қиналған осы бір аяулы жанның абзал бейнесіне зер салсақ, біз жақсы қасиеттердің бәрі оның тал бойынан табылатынан аңғарамыз. Жаны ізгілікке іңкәр биязы жанның  өмірде кісілік пен кішіліктен асқан биік ұғым жоқ екендігіне көз жеткізетінің айқын. Бұл күнде қаржы саласына еселі еңбегімен сүбелі үлес қосып жүрген, Көкшетау қаласындағы  «Халық Банкі» акционерлік қоғамында қайта есептеу кассасы бөлімінің меңгерушісі, өз ісіне адал Айша Ерденова өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай жан.
Рахаты мен бейнеті қатар жүретін, ерінбей ізденген жанға құпиясын жайып салып, ізгіліктің бесігінде тербететін, бір дәмін татқан адамды ыстық құшағынан жібермей, тереңіне батыра беретін сыйқырға толы өмірдің өзін бақыт десе болмай ма?! Бақыт әркімге бұйыра бермейтін сыбаға. Әр адамға оңай көне қоймайтын, жаратылыстың өзімен тайталастырып, шындық үшін күресуге тура келетін білімнің биік белесіне шығудың өзі зор абырой.  Бірақ, бұндай бақ әркімге жазбаған. Ал, ерен еңбегімен өз ортасына сыйлы, өзінің өнегесімен көпке үлгі бола білген Айша Кеңесқызының  ғұмыр жолы осындай ізгіліктің нұрына шомып тұрғанын байқайсыз.
Ол жастайынан өз ісіне аса жауапкершілікпен қарай білді. Көбік сөзді көлденең тартқанды ұнатпайтын, біртоға, өз ісіне адал Айшаны жанындағылар осы бір адами қасиеті үшін жоғары бағалайды. Қай ортада жүрсе де үнемі өзінің еңбекқорлығымен көзге түсетін. Орта мектепті тәмамдасымен Қарағандыдағы қаржы  және несие техникумында есепші-ревизор мамандығы бойынша оқып білім алды. 1989 жылы аталмыш білім ордасын ойдағыдай тәмамдасымен Көкшетау қаласындағы  «Халық Банкі» акционерлік қоғамында аға бақылаушы-кассир қызметіне жұмысқа орналасты. Содан бері отыз жылға жуық уақыт өтіпті. 1997 жылы аталмыш мекеменің аға кассир, еңбегіне сәйкес басқа да қызмет баспалдақтарымен көтеріліп, бүгінде  осы банктің белді де абыройлы қызметкеріне айналды. 

Ол қаржы саласындағы еселі еңбегі үшін   «Халықтық Банктің үздік қызметкері» құрмет белгісімен  марапатталды. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз қаржы саласында еңбек етіп жүрген Айша Ерденова сияқты өз ісінің білгірі  қаржыгерлердің кісілік келбетін газет бетінде оқырмандарымызға жақынырақ таныстыруды жөн санадық. Біз танып-білген Айша Кеңесқызының өзімен сырласа қалсаңыз, былайғы жұрт банк  қызметкерлерінің жұмысының байыбына бара бермейтін бұл жұмыстың да қыр-сырына қаныға түседі.    
– Есепші өз ісіне аса жауапкершілікпен қарау керек. Онсыз болмайды. Себебі, сен мыңдаған адамның алдында жауаптысың, – деп бастады әңгімесін ол бізге берген сұхбатында. – Жұмысымыздың ауқымы өте кең. Негізінен ақша айналымын жүргіземіз. Есепшоттағы өзгерістерді назарға аламыз.   Құжаттарды сапалы да сауатты рәсімдей  білу, кәсіби бейім-қабілетке қоса жауапкершілік, тәртіп, тиянақтылық, жұмысымыздың негізгі қағидасы. Бастапқыда бақылаушы-кассир болдым. Ұжым да мені жылы қабылдады. Клиенттердің сенімінің беріктігі менің бойыма зор сенім ұялатады, – дейді апай сөзін шегелеп. –Адамды орта тәрбиелейді деген рас. Мен мамандығыма сәйкес әр күнімді жоспарлауды үйрендім. Таңнан тұрып, бүгін қай іспен айналысам, неден бастаймын бәрін қағазға жазып аламын. Қазіргі жастарда ынта аз. Осы жағы алаңдатады. Әрбір адам мамандық таңдауда жаңылыспауы керек. Өз басым жүрегім қалаған мамандық иесі екендігімді мақтан тұтамын. Адалдықтың ақ туын жықпай өту – өмірлік қағидам, – дейді ол.  Ұжымында сыйлы, өз білгенін жастарға үйретуден жалықпаған қаржы жүйесінің білікті қызметкері Айша Кеңесқызының біз таныған кісілік келбеті осындай.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар