Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Батагөй қария - АРҚА АЖАРЫ

Батагөй қария

соғыстан кейін үш жыл бойы Шығыс Германияда  тұрған.

 

Ана қашанда тіршіліктің тірегі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Халқымыз әрқашан әйел затын қастерлеген, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған. Әйел затын ақындар гүлге де, күнге де, жұлдыз бен айға да теңеген. Әйел заты қайсарлық пен қайраттылықты, іңкәрлік пен нәзіктікті қанат еткен асыл жандар.

 

Күлзипа әжей 1929 жылы Аягөзде туып-өскен. Балалық шағы ашаршылықпен тұспа-тұс келіп, жастайынан қиын жұмысқа араласқан. Әкесі Ахмади партия-кеңес органдарында қызмет істеген. 1937 жылы әкесін НКВД жансыздары қоғам мүлкін талан-таражға салды деген желеумен бір түнде ұстап әкетеді. Сол уақытта мектепте оқып жүрген Күлзипаны «халық жауының» қызы» деп оқудан шығарып тастайды. Одан буыны бекіп, белі қатпаған кезде сұрапыл соғыс басталды. Майданға кеткен ер азаматтың орнын басып, еңбек етіп, ол жылдарды да қайсарлықпен басынан өткізеді.  
1945 жылы елде офицер жерлесіміз Сұлтан Жоламановпен кездеседі. Ол кісі 1940 жылы Пет-ропавл педагогика институтын бітіріп, Куйбышев әскери училищесіне оқуға түскен. Төрт жыл бойы соғысқа қатысып, жаралы болып, жеңісті Берлин қаласында госпитальде қарсы алады. Аягөз қаласына соғыс жарақатынан кейін демалысқа келген беті. Осында Сұлтан мен Күлзипа отау құрады. Енді сүйген жарын  өзімен бірге Германияға ала кетуі керек. Алайда, «халық жауы» атанған қызға құжат әзірлеу оңайға түспейді. Сол кезде Сұлтанға Алматыдағы ағасы Жәкен Жоламановтың үлкен көмегі тиеді. Дегенмен, сол құжатты әзірлеген кезде Күлзипа есімі амалсыз Антонина болып өзгертіледі.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Шығыс Германияның аумағы кеңес әскери әкімшілігінің бақылауында болғаны белгілі. Офицер Сұлтан Жоламанов Зюль қаласының комменданты болып, жұбайы Күлзипамен бірге 1948 жылға дейін сонда тұрды. Екеуі елге оралған соң Күлзипа апай экономист-диспетчер мамандығына оқып, алдымен №2 автобазаға, кейін таксопаркке жұмысқа орналасады. Сөйтіп, 30 жыл бойы қазіргі «Сейнұр» ЖШС-інде абыройлы еңбек етіп, 1983 жылы зейнеткерлікке шықты.
Қайда жүрсе де,  «қиындық көрдім» деп мойымай, жолдасы Сұлтанмен бірге балаларын өсіріп, жетілдіріп, ел қатарлы оқытып, ата-аналық парыздарына адалдық танытқан Күлзипа әжей жігерлі, ер мінезді, адамгершілігі жоғары, кішіпейіл, өз ортасында беделді, ұрпақ болашағына көп көңіл бөлген адам. Басқасын айтпағанның өзінде сонау соғыс жаңа ғана аяқталған қиын-қыстау кезеңде ештеңеден қаймықпай, сүйгенінің қолынан ұстап, көрмеген-білмеген сонау Германиядан бір-ақ шыққанының өзі неге тұрады?!.   
Туыс-туғандарының тірегі, әрі ақылшысы, аса қадірлі Күлзипа әжейді 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, деніңіз сау болсын,  өмірдің жақсылығын көріп, немере-шөберелеріңіздің қызығына тоймай, әлі де ұзақ жылдар жасай беріңіз деген тілек білдіреміз.
Айдархан БЕЙСЕНБАЕВ.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар