Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім жолында күш-жігер керек - АРҚА АЖАРЫ

Білім жолында күш-жігер керек

Облыс  әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа  мәжілісі  болып  өтті.

 
Алқа мәжілісіне  аудан әкімдерінің орынбасарлары, басқарманың мамандары мен ұстаздар  қатысты.  Білім басқармасының өткен жылғы қызметінің негізгі қорытындылары мен ел Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы  Қазақстан  халқына  Жолдауын іске асыру шеңберіндегі 2017 жылға арналған міндеттері туралы айтылған  басқосудыоблыстық білім басқармасының басшысы  Балым Ізбасарова ашып, жүргізіп отырды.  
Өткен жылы  облыста 37 мектепке дейінгі  мекеме, 3052 орындық 3-6 жас аралығындағы балаларға 17 шағын орталық пен  20  балабақша  ашылған. Сондай-ақ, 506 мектеп интернетпен жабдықталған.  Өңірдегі мектептердің барлығы 100 пайыз оқулықпен қамтылған. Облыстың намысын республикалық және халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиадаларда  қорғаған ақмолалық жастар  76 медальді иеленген. Алайда,  өткен жылы облыста Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі қуантарлық  көрсеткішке жетпеген. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының  57 пайызы  да аттес-тациядан  өте алмаған. Осы орайда, Балым Ізбасарова  аудан әкімдерінің орынбасарларына  осы мәселелерге белсенді араласып, білім беру сапасын жақсарту үшін тиісті шараларды қолдануларын сұрады.   
Бұдан  әрі Ерейментау қаласының №2 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Оксана Забиякина  «Биология пәнін ағылшын тілінде оқыту» тақырыбында баяндама жасады. Оксана Сергеевна биология пәнін ағылшын тілінде жүргізеді. Ұстаз универсиет қабырғасынан ағылшын тілін үйреніп жүрген екен.   Сол себепті, оған  ағылшын тілінде сабақ беру аса қиындық туғызбайды әрі  мұғалім осы саланың қыр-сырын меңгеру үшін   Корея мемлекетінің  астанасы Сеулде іс-тәжірибеден де өтіпті. Мұның барлығы ұрпақтың  сапалы білім алып, ертеңгі  күні өзге мемлекеттермен тереземізді теңестіре алуымыз үшін қажетті екендігін де өз баяндамасында айтып өтті.  
Содан  облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов  өткен жыл мемлекетіміз үшін  табысты болғандығын, Елбасының халыққа жолдаған биылғы Жолдауындағы білім саласындағы жаңалықтарды айтып, жақсы нәтижелерге жеткен  білім бөлімдерін марапаттады. Бірінші дәрежелі дипломды  Степногорск қаласының білім бөлімі алды.  Екінші орынды Бурабай ауданының, үшінші орынды  Көкшетау қаласының білім бөлімі еншіледі. Барлық жеңімпаздар диплом мен  бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар