Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалынды жастық жалынымен жасқайтын - АРҚА АЖАРЫ

Жалынды жастық жалынымен жасқайтын

өрт сөндіруші Галина Салионова туралы бір үзік сыр

 

Көкшетау қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімшесінде биыл да өзге жылдардан еш айырмашылығы жоқ, егіз қозыдай ұқсас жұмыс күндері өтіп жатыр. Күн сайынғы тынымсыз жаттығулар, ара-тұра болатын оқыс оқиғалар. Яғни, өмірдің ағысы арнасынан аумай, жылжып жатқан тәрізді. Бірақ, шын зер салып, санамен салмақтаған адамға елді елең еткізетін соны жаңалық та бар.
Шындығын айтқанда, өрт сөндірушілердің жұмысы оңай-оспақ шаруа емес. Оған ыстық-суыққа бірдей төзімді, ыстық тілін жалаңдатып төніп келген қауіп-қатерден қаймықпайтын, сындарлы сәтте сыр бермей, шыдай алатын жігіттің жігіті ғана төтеп бермек. Ал, оның орнында қырдың қызғалдақ гүліндей нәп-нәзік қыз жүрсе ше. Адам сенбес еді. Өртпен күрес дегеніңіз өрттей қаулап келген кездейсоқта тап болған қиындықпен күрес емес пе. Біздің Галина Салионова жүрек қалауымен осы  мамандықты таңдаған. Өрт сөндіруші – нағыз құтқарушы.  Аз ғана уақыттың ішінде өзінен бұрын еңбек әліппесін бастаған, осы бір мамандықтың қыр-сырын біршама меңгерген әріптестерін кәсіби шеберлігі жағынан басып озды. Оның шалт іс-қимылы, түйінді шешім қабылдауы, өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруы, өрт сөндіру техникасының жабдықтарын сәтімен қолдануы алғашқы сынақтарда белгілі бола бастады. Алайда, теория мен тәжірибе қабыса бермейді ғой. Сынақтың аты сынақ. Ал, төтенше оқиға кәдімгі саперлардың қағидасы іспетті. Бұл жерде де бар болғаны бір-ақ рет қателесуің мүмкін. Осының бәрін салмақтай келгенде әншейінде әйелге тән жеңілдеу мамандықты неге қаламаған деп те ойлайсың.
Галина Вадимовна қазір ұжымға тастай батып, судай сіңген жауынгер. Ол өзінің мінез-құлқының арқасында әріптестерімен тіл табысып, сенімдеріне ие болып кетті. Ал, бұл жұмыста бір-біріне деген сенім керек-ақ. Ендігісі ел сенімін ақтау.
Жанат СЕКСЕМБАЕВ,
Көкшетау қалалық №1 өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар