Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көңілдерге қуаныш сыйлаған мереке - АРҚА АЖАРЫ

Көңілдерге қуаныш сыйлаған мереке

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Сергей Кулагин облыс активімен кездесіп, нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтады, бірқатар көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медалін тапсырып, өз салалары
бойынша ерекше көзге түскен қыз-келіншектердің еңбегін Алғыс хатпен атап өтті.

Облыс басшысы бүгінде қоғамымызда елеулі күш болып отырған әйелдер қауымының барлық салада еңбек етіп, еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосып отырғанын айта келе, қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов әйелдердің қоғамдағы орны, еңбегі жайында жан-жақты әңгіме қозғады. Тәуелсіз мемлекетімізде әйелдердің рөлі барған сайын арта түсуде. Ең алдымен, әйел-ана, отбасы ұйытқысы. Осы орайда, елімізде қыркүйектің екінші жексенбісі жыл сайын Отбасы күні ретінде аталып өтуі әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыра түседі.  Біздің облысымызда жергілікті мәслихаттар депутаттарының 25 пайызын әйелдер құрайды екен. Бүгінде тіркеліп, жұмыс істеп жатқан 40 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер болса, олардың жартысынан астамын қыз-келіншектер басқаруда, аймағымызда жұмыс істейтін 92 бұқаралық ақпарат құралдарының 34-інің басшысы әйелдер. Білім саласында еңбек ететіндердің 80 пайызын қыз-келіншектер құраса, мәдениет саласында 1800-дей  нәзік жандылар еңбек етуде.
Әйелдер өндірістің барлық саласында еңбек етіп, өңірімізді дамытуға елеулі үлестерін қосуда. Облысымыздың ғана емес, еліміздің даңқын әлемге танытып жүрген спортшы қыздарымыз аз емес. Өткен жылы боксшы Дина Жоламан әлем чемпионы атанып, еліміздің атын аспандатса, биылғы өткен халықаралық Универсиада
жарысында жерлесіміз Алина Райкова алтыннан алқа тағып, мерейімізді бір өсіріп тастады. Облысымызда көп балалы аналар қатары жылдан жылға көбейіп келе жатқаны қуантады. Қазіргі күні 3 мыңнан астам «Алтын алқа», 4 мыңдай «Күміс алқа» иеленген аналарымыз бар.
Жиын соңында облыс басшысы Целиноград ауданында тұратын көп балалы ана Айымгүл Бейсембаева мен Шортанды ауданынан келген Карим Хавдалға «Алтын алқа», атбасарлық Татьяна Кноль мен целиноградтық Анна Козейкинаға, Көкшетау қаласында тұратын Гүлжан Рамазановаға, Ақкөл ауданынан келген Қанзия Сәрсембаеваға «Күміс алқа» медалін табыс етті. Сонымен бірге, өз саласында ерен еңбегімен көзге түскен бір топ қыз-келіншек облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды. Олардың арасында облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук, облыстық соттың маманы Дана Мәженова, облыстық прокуратураның бас маманы Әсел Ахметжанова және басқалары бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар