Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көрермендер кәріс әуеніне қанықты - АРҚА АЖАРЫ

Көрермендер кәріс әуеніне қанықты

Достық үйінде кәріс мәдениетінің күндері аясында «Sonagi Project» фольклорлық тобының концерті өтті. Бұл топ кәрістердің дәстүрлі әндерін орындауымен танымал.

 

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының және «Чинсон» кәрістердің этномәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасындағы Корей елшілігі жанындағы мәдени орталықтың  директоры Ли Дэ Вон  мырза қатысты.
Аталмыш топ 2006 жылы құрылған екен. Топтың шығармашылық жетекшісі Чанг Джэ-Хе. Топ мүшелері негізінен «Чангу» музыкалық аспабымен ойнайды. Бұл аспапта ойнау мəнері қазақтың жырауы мен термесіне ұқсас.
– «Чангу» жаңбыр тамшысының дауысын айнытпай салады. Сол себепті, топтың атауын «Sonagi» қойдық. Бұл кəріс тілінен аударғанда жаңбыр дегенді білдіреді, – дейді Чанг мырза.
Топ кəрістен бөлек, Африка, Бразилия жəне Үнді мәдениетінің шығармаларын да жоғары деңгейде  орындауда. «Sonagi Project» тобы негізінен Сеул сахналарында концерт қояды, сондай-ақ,  Америка, Еуропа жəне Шығыс Азия елдеріне жиі гастрольге шығып тұрады. Кəсіби əртістер кəріс мәдениетінің рухы мен көңіл-күйлерін тыңдармандарына аса бір шеберлікпен  жеткізе біледі. Көкше жеріне тұңғыш рет келіп отыр.
Осы шараны өткізуге атсалысқан облысымыздағы  «Чинсон» кәріс мәдени орталығы»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы Людмила Лимнің айтуынша, қонақтар аталмыш концерт аясында осындағы «Мисо» шығармашылық ұжымына шеберлік сыныбын үйретті. Жалпы, өңірде 1400-ден астам  кәрістер өмір сүреді. Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық  дамуына елеулі үлес қосып келеді. Кəрістер өздерінің  дәстүрлі ұлттық  «Сэбэ»   рәсімі мен «Соллаль»  мерекесін жыл сайын лайықты атап өтуде.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар