Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тасқынға – тосқауыл, жылу қарызын жинау және басқа міндеттер... - АРҚА АЖАРЫ

Тасқынға – тосқауыл, жылу қарызын жинау және басқа міндеттер…

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат  кеңесінде көктемгі су тасқынына дайындық және қысқы жылу беру  маусымының барысы туралы мәселелер қаралды.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, облыстық департаменттер мен басқармалардың, ұлттық компаниялардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан кеңесте алғашқы мәселе бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советов сөз алып, көктемгі су тасқынына дайындық шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Облыс әкімі өз сөзінде Сандықтау ауданына ерекше көңіл бөлу  қажеттігіне екпін берді. Өйткені, бұл аудандағы Жабай өзені жылда көктемде жағасындағы елді мекендерге белгілі бір қауіп тудырады. Әсіресе, көпірлердің аумағын қардан тазартпасақ, су тасқыны орын алуы мүмкін. Осы көпірлер мен барлық бөгеттерді 20 наурызға дейін қардан толық тазартып үлгеру керек. Сондай-ақ, өзендердегі бөгеттерден суды жіберіп, қар суы жиналатын жағдайлар қарастыру қажет. Сілеті өзенінің де суы ағынды келеді. Нұра, Есіл өзендерінде де көктем кезінде су таситын қауіпті тұстар бар. Осындай қауіп-қатерлердің бәрінің алдын алмай болмайды. Бұл ретте, бұрынғы тұрғызылған дамбаларды тағы бір  тексеріп, осал болса, нығайтқан жөн. Бұдан әрі облыс әкімі тиісті қызметтерге тездетіп ғимараттардың шатырларын  қардан тазарту жұмысын қолға алу, осы мәселені жіті бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берді. Көктемгі су тасқынын болдырмау, оның алдын алу үшін бұл жұмыстарға қажет болса, басқа мекеме, кәсіпорын-ұйымдардағы техниканы да түгел жұмылдыруға тиіспіз. Ең басты міндет – күн сайын нақты жағдайды жіті қадағалай  отырып, әсіресе, қар жаппай еритін кезде елді мекендердің, өзен-көлдерге жақын орналасқан шеткі үйлердің су тасқынында қалуына жол беріп алмау.
Биыл да облысымызда қысқы жылу беру маусымының ауыртпалықсыз, өз ретімен ойдағыдай өтіп жатқандығы белгілі. Бұған облыс орталығының іргесіндегі Гранитный селосында бу қазандығының істен шығуы сияқты бірер оқыс оқиғалар ғана салқынын тигізгені болмаса, жалпы, осыған жауапты қызметтердің жұмысты дұрыс ұйымдастыра алғандары көрініп тұр. Облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченконың сөзінен аңғарғанымыздай, жылу беру маусымының аяғына дейін жағатын көмір жеткілікті, ал, сұйық отыннан әлі де 2 мың тонна мазут керек. Осындай қажеттілік  Бурабай, Бұланды аудандарында туындап отыр. Енді жылу беру маусымы аяқталысымен, келер жылдың жағдайын да ойлай бастаған абзал. Жаңа жылу беру маусымына облыс бойынша 3,5 миллиард теңге қаржы қажет екен. Осы арада бір ойландыратын жай, жеке және заңды тұлғалар жылу беру ақысын төлемеуді немесе кешіктіріп барып төлеуді үйреншікті әдетке айналдырған. Қазіргі уақытта мұндай берешектің мөлшері 2 миллион 290 мың теңгеден асып кеткен. Оның үлкен бөлігі былтырғы, одан арғы жылдардан қалып отырған қарыз. Сонда бұл қарыз неге жиналмайды, жұрттың қолында осынша қарыз тұрғанда,  онымен үнсіз келісіп, бюджетке ауыз аша беретініміз  қалай деген сауал өз-өзінен туындамай ма?!. Міне, облыс әкімі де осы жағдайға үлкен кейістік білдіріп, тез арада мұншама көбейіп кеткен қарызды азайтуды, қолда бар барлық мүмкіндіктерді қарастырып, олқылықты шұғыл түзеуді тапсырды. Оның нәтижесі алдағы күндері көріне жатар. Ал, қазіргі бір анығы, осы қарыздың жылдағыдан да шамадан тыс өсіп кеткендігі.
Сөз соңында Сергей Кулагин
алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына ерте кірісіп, 1 қыркүйектен кешіктірмей барлық қазандық шаруашылығын жөндеуден өткізу және қысқы кезеңге  қабылдап алу міндетін қойды. Ал, қазандықтарға керек  сұйық отынды, жазда арзан болатындықтан, күні бұрын мамыр,
маусым айларында сатып алу керектігі де айтылмай қалмады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар