Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты жұмыс бағытына айналуда - АРҚА АЖАРЫ

Басты жұмыс бағытына айналуда

Елбасы Жолдауында еліміздің аграрлық секторы экономиканың жаңа драйвері болуы керектігі айтылған.

Расында да біздің агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Бірқатар бағыттар бойынша әлемде ірі аграрлық экспорттық экологиялық таза өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. «Қазақстанда жасалған» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс. Елбасы өз сөзінде шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажеттігін, тек сонда ғана халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола алатынымызды атап өтті. Бес жыл ішінде бес жүз мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту міндеті тұр. Өнімдерді өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру міндетіміз.   Елбасының тапсырмасын орындау барысында «2017-2021 жылдары агроөнеркәсіп кешені саласын дамытудың» жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі. Бағдарламаның мақсаты – агроөнеркәсіп кешені өнімімен бәсекеге қабілетті нарықтағы сұранысқа ие өндірісті қамтамасыз ету. Бұған қол жеткізу үшін сегіз негізгі міндет шешілмек. Оның ішінде өнімді өңдеп, сату үшін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселесі негізгі міндеттердің бірі болып отыр.
Облыс бойынша бес жылдың ішінде мыңға тарта шағын шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту жоспарлануда. Кооперативтер сүт, ет, жеміс-жидек пен көкөніс жинау үшін құрылады. Сондай-ақ, кооперативтер ветеринария, мал тұқымын асылдандыру, мал азығын дайындау, агрохимия, логистика және өзге де жұмыстармен айналысады. Бұл шаралар өңдеуші кәсіпорындардың қуатын 30 пайызға арттырып, өндіруші мен тұтынушылар арасындағы сауда бағасын 15-20 пайызға төмендетпек. Өңірде 77 мыңнан астам отбасы өздерінің қосалқы шаруашылығымен айналысады. Бұл оларды ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне тарту үшін жеткілікті әлеует. Облыста өндірілетін еттің 60 пайызы, сүттің 80 пайызы үй шаруашылығы секторына тиесілі екенін атап өткен жөн. Бұл өнімнің көлемі сүт өңдеуші кәсіпорындарға әкелінбейді. Өйткені,  өндірілген өнімді жинау мен сату мәселесі шешілмей отыр. Осының салдарынан облыстың ет пен сүт өңдейтін кәсіпорындары толық қуатында жұмыс істемейді.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру мәселесін шешу үшін тұрғындардың шағын шаруашылығын біріктіру арқылы ауылда кооперацияны дамыту қажет. Ол үшін сүт қабылдау пункттері жүйесі мен отбасылық бордақылау алаңдарын құру керек. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарын тұрақты кіріспен қамтамасыз етеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы алға қойған міндеттерді орындау бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Қазақстан Рес-публикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімі арасында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шарасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарына қол қойылды. Бұл нақты міндеттер мен мақсатты индикаторларды анықтайды. Аудан әкімінің орынбасарлары мен ауылдық округтің әкімдерін «Агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру негіздеріне» және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру тетіктерін оқыту бойынша үшкүндік семинар өткізілді. Нәтижесінде 260-қа жуық адам оқытылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 16 мың қосалқы шаруашылықты қамтитын 185 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеді. Жұмыстың негізгі бағыты кооперативтегі малды асылдандыруға бағытталған.
  Бүгінгі таңда шаралар жоспарына сәйкес, өңдеуші кәсіпорынға бекітілген 7 сүт сатып алу пункті ашылды. «Гормолзавод» серіктестігіндегі өңдеуші кәсіпорынның және сүт өндіретін «Зеренді сүті» мен «Жақсылық Агро» серіктестіктерінің, «Карнашаускене» шаруа қожалығы мен «Диконь» кәсіпорнының қатысуымен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Өндіріс сүт және сүт өнімдерін өңдеп, сатады. Өткізіліп жатқан шараларды тәртіпке келтіру мақсатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық кәсіпкерлер палатасы және ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры облыстық филиалы арасында жоспарлы шараларды атқару жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бүгінгі таңда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, ғылыми ұйымдар мен қаржылай қолдау қорының өкілдерімен село кооперациясын дамыту бойынша жүргізілетін шараларды түсіндіру үшін облыстың аудандарына бару мақсатымен сараптама тобы құрылды. Бүгінгі таңда өңірдің барлық аудандарында жұмыс кеңесі өткізілді. Көптеген аудандарда кооперативтер құрылатын және жұмыспен қамту бойынша өзге де жобалар жүзеге асырылатын нақты ауылдық округтер анықталды.
Жыл соңына дейін облыс бойынша 18 ауыл шаруашылығы кооперативін, 180 отбасылық бордақылау алаңын, 5 сүт таситын көлік сатып алып, 18 сүт қабылдау пунктін құру жоспарланған. Бұл көрсеткіштерді облыс әкімі Сергей Кулагин бекітіп, оның орындалуы бойынша шара қолдану үшін аудан әкімдіктеріне жіберілді. Алға қойылған міндетті орындау үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының беріп жатқан несиесі жақсы тетік болды. Бұл мақсатта өткен жылдан бері жылына 6 пайыз сыйлық үстемесімен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға, мал басын көбейтуге, отбасылық мал бордақылау алаңы мен сүт қабылдайтын пункттерді ашуға несие берілуде. Сөз соңында ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін арттыру және саладағы кооперативтендіру мәселесін шешу жөніндегі міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін барлық шаралар қолға алынады.

Серік ШАЙГӨЗОВ,  
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар