Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкіміне қойылған сауалдар мен беріліп отырған жауаптар - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкіміне қойылған сауалдар мен беріліп отырған жауаптар

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің биылғы халық алдындағы есеп беру кездесуінде  тұрғындар тарапынан 70 сауал мен ұсыныс-тілек келіп түскен болатын. Соның ішінде 32 сұрақ пен оларға берілген жауаптар газетіміздің 2017 жылғы 16 ақпан күнгі №19 санында жарияланған еді. Одан кейін «Арқа ажарының» 2017 жылғы 25 ақпан күнгі №23 санында тағы  23 сұрақтың  жауабы жарық көрді. Бүгін газетімізде бұрынғыларына қоса, call-орталық пен жедел желі арқылы түскен  12 сұрақтың жауабын жариялап отырмыз. 

Мен Көкшетау қаласындағы Куйбышев-Сабатаев көшелерінің қиылысында тұрамын. Біздің үйдің бұзылатындығы туралы көптен бері айтылып келе жатыр. Осы сөз шындыққа жанаса ма? Шын болса, мәселенің қалай шешілетіндігі туралы білгім келеді. Егер үй бұзылатын болса, өтемақы қалай төленеді? Өтемақыны мемлекет төлей ме, жоқ әлде жекеменшік міндеттене ме?
Динара Серікқызы, Көкшетау қаласының тұрғыны.
Жауап: Көкшетау қаласының бас жоспарына сәйкес таяу арада бұл ауданда Жеңіс паркі салынады. Өтемақы мемлекет қаржысы есебінен тәуелсіз сарапшылардың бағалауына сәйкес төленетін болады.
Мені қаладағы бау-бақшаны, инфрақұрылымдарды дамыту мен жөндеу және көлікпен қамтамасыз ету мәселесі толғандырады. Осы мәселеге орай, облыс әкімінің орынбасарына, қала, «Нұр Отан» партиясының басшыларына және депутаттарға жолықтым. Бірақ, ешкім біздің мәселемізді шешіп берген жоқ. Мені және менің жұмыс бо-йынша әріптестерім Петр Николаевич Кузменьконы, Людмила Геннадьевна Булыхты облыс басшысы қабылдаса деп өтінер едім.
Рәшида Нұртайқызы Қазбекова, Көкшетау қаласындағы бау-бақша серіктестіктерін дамыту жөніндегі комиссия мен басқарманың мүшесі.
Жауап: Зеренді бағытындағы саяжайлардың бірінші және екінші бұрылыстарына №32, 35 және №36 автобустар қатынайды. №32 автобустың жүру кестесі арасына бір сағат салып бір рет, №35 автобустың кестесі арасына бір сағат салып екі рет, №36 автобустың жүру кестесі арасына 30-35 минут салып үш рет қатынайды.
2015-2016 жылдары Зеренді тас жолы бойындағы саяжайларға №32, 35, 36 автобустары жүретін жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Жолдың бұзылған, ойылған жерлеріне қиыршық тас төселіп, қатты жамылғысы қалыпқа келтірілді. 2017 жылы осы бағыттағы жолдарды жөндеу жұмыстары жалғастырылады. Бұл мақсатқа бюджеттен 15 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Қыс маусымы кезінде Көкшетау қалалық әкімдігі  2017 жылдың 13, 20 және 27 желтоқсан күндері №36 бағыт  бойынша тәжірибелік сапар ұйымдастырды. Нәтижесінде екі бағыт бойынша үш күннің ішінде 34 адам тасымалданатындығы анықталды. Осыған орай, бұл бағытта жолаушылар тасымалдау өз шығынын ақтамайтындығы белгілі болып отыр. Сондықтан, №36 бағыт  тек маусым кезінде ғана жұмыс істейді.
Облыс әкімінің азаматтарды қабылдау тізіміне сіз енгізілдіңіз.
Көкшетау қаласындағы Назарбаев мектебі жанындағы Мирзоян және Потанин көшелерінде жол белгілері жоқ. Осы мәселелердің шешімін табуға немесе бағдаршам орнатуға болар ма еді?
А.К.Жоламанов, Назарбаев зияткерлік мектебінің техникалық қауіпсіздігі жөніндегі инженері, Көкшетау қаласы.
Жауап: Көкшетау қалалық әкімдігі Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасына бұл мәселені шешу жөнінде сұрау жолдады. Сауал оң шешімін тапса, мәселе шешіледі.
Менің жолдасым Қуаныш Жүнісұлы Аманов үш жылдан бері сырқат. Бірақ, әлі күнге дейін нақты диагнозы қойылмай отыр.  Квота бойынша Ресейде емделуге көмек көрсетіңізші.
Сара Зейноллақызы Аманова, Научное селосы Шортанды ауданы.
Жауап: Сіздің жолдасыңыздың емделуі туралы мәселе денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, сіздің жолдасыңызды Астана қаласындағы ұлттық медицина орталығында қайтадан тексеру және емдеу туралы шешім қабылданып отыр.
Аудандық әкімдікте фельдшерлік-акушерлік пункт пен учаскелік полиция қызметкеріне орын жоқ. Сондықтан да, келушілерді қабылдау мүмкін болмай отыр. Жер бар, жаңа ғимарат салуға қаржы керек.
Бақытжан Дүйсенұлы Дуюсов, ардагерлер кеңесінің төрағасы, құрметті азамат, зейнеткер. Колутон станциясы Астрахан ауданы.
Жауап: Шынында да, Колутон станциясындағы фельдшерлік-акушерлік пункт селолық округ әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан. Осы мәселені шешу үшін жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт салуға жер учаскесі де белгіленіп отыр.  Алдағы уақытта құрылыс жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, қаражат іздестіріледі. Учаскелік полиция инспекторы округтің ветеринар маманымен бір кабинетте орналасқан. Азаматтарды қабылдау селолық округ әкімінің кабинетінде жүргізілуде.
Сәтпаев көшесіндегі №2 үйге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Осыған орай, қосымша қаржы бөлуге немесе  демеуші табуға көмектессеңіз екен.
Валентина Алексеевна Серонтина, Көкшетау қаласы.
Жауап: Қала әкімі аталған орында 2016 жылдың шілде айында болып, жекеменшікке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы бөлінбейтіндігін түсіндірген болатын. Оларға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына сәйкес қайтарымды қаржы есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге және ауланы абаттандыру мәселесін қарауға ұсыныс жасалды.
Сіздердің үйлеріңіздің тұрғындарын екі мәрте жинап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына қатысу туралы айтылған болатын, бірақ, үй тұрғындары бас тартты.
Киров көшесінің тұрғындары орталықтандырылған су құбыры болмағандықтан, ауыз суды су тарататын колонкалардан алып пайдалануда. Осыған орай, үстіміздегі жылы Киров көшесіне су құбыры тартыла ма деген сауал жолдағымыз келіп отыр.
Елена Федоровна Хлыстова, Ақкөл ауданы.
Жауап: «Ақкөл қаласындағы су құбырлары жүйесін жаңғырту» (үшінші кезек) жобасына енбеген көшелер мен орамаларға су құбырларын тарту мәселесіне орай, «Ақкөл қаласындағы су құбырларын жаңғырту» (төртінші кезек) жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Жобаны жүзеге асыру үшін жер асты суларының жиырма бес жылға жететін қоры болуы керек. Оның үстіне Ақкөл қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне орай жерасты су құбырларын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Зерттеу жұмыстары аяқталған соң жоба дайындалып, республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі туралы бюджеттік тапсырыс бағытталады.
Мен сізге Гаухар Қайратқызы Бортаеваның атынан телефон шалып тұрмын, жүктілігі және бала туу туралы жалған құжаттар дайындалған. Осы азаматшаның атынан әлдекім Целиноград ауданы Ақкөл селосына тіркелген. Құжаттарға біреу қол қойыпты, бірақ, Г.Қ.Бортаева қойылған қол менікі емес деп отыр. Жеке кәсіпкер ретінде салық шоттары жабылған.
Аида Саматқызы Қасымова, «Авиакомпания Қазақстан» кәсіпорнының заңгері.
Жауап: Бұл фактіні анықтау үшін құқық қорғау органдарына тиісті арыз жазуыңыз керек.         
Новочеркасск елді мекенінде жолды бойлай салынған мәдениет үйі, бала бақшасы, фельдшерлік-акушерлік пункт әбден ескіріп тұр. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге бола ма?
Темір Нұрланұлы Ахметов, зейнеткер, Астрахан ауданы.
Жауап: Новочеркасск селосындағы құрылысы аяқталмаған мәдениет үйі  «Федоренко және К» кооперативтік серіктестігінің балансында. Астрахан аудандық әкімдігі қазір «Федоренко және К» кооперативтік серіктестігінің басшылығымен бұл ғимараттың құрылысын жалғастыру  жөнінде келісім жүргізуде. Қазіргі күні ғимараттың есік-терезелері бекітіліп, оны сақтау шаралары жасалған.
Новочеркасск селосындағы бала бақша аудандық білім бөлімінің балансында. Оған күрделі жөндеу жүргізуге қатысты жобалық-сметалық құжат дайындалған. Бұл мәселе облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын мәселелер қатарына енгізіліп отыр.
Дәрігерлік амбулатория ауылдағы пешпен жылытылатын жалға алынған үйде орналасқан. Амбулаторияда 3 медициналық қызметкер 1181 адамға қызмет көрсетеді. Олардың 258-і балалар. Қолданыстағы бұл ғимарат апатты жағдайда емес.
Центральный шағын ауданының №43 үйінің тұрғындары бұл үйге 2007 жылы кірген болатын. Таяуда олар қарайтын пәтер иелері кооперативі өзгеріп, «Түкенов Сайран Сәлімұлы» жеке кәсіпкерлігіне көшті. Бұл үйдегі ардагерлер, көп балалы отбасылар, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер ыстық сусыз отыр. Жеке кәсіпкер түрлі сылтаулар айтып (құбырлар ескі, жөндеуге жарамсыз, көп шығынды қажет етеді) ыстық су мәселесін шешкісі келер емес.
Ермек Нұрмашұлы Мейрамқұлов, зейнеткер, Көкшетау қаласы.
Жауап: Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі «Түкенов Сайран» жеке кәсіпкерлігі пәтер иелері кооперативімен бірлесіп, Сіздердің үйлеріңіздегі жылу желісіндегі олқылықтарды жою актісін жасады және жөндеу жұмыстарының жобасын даярлау-да. Құжаттар жасалып, дайын болған соң жөндеу жұмыстарына қажетті ақшаны бюджеттен бөлуге тапсырыс берілетін болады. Жөндеу жұмыстары қаржыландыру жағдайына байланысты жүргізіледі.
Щучинск қаласындағы аурухананы Авиценнаға сатыпты, енді қалада аурухана жоқ. Таяуда немерем соқырішек болып ауырып, ота жасау қажет болған еді. Оны қабылдағылары келмей, біресе Степногорскіге, біресе Көкшетауға жіберді. Осылайша екі күн бойы немеремді қарап, емдемеді. Өз ауруханамыз қашан болады? Егер осындай жағдайға аяғы ауыр әйелдер тап болса не болады?
Евдокия Николаевна Шехелева, зейнеткер.
Жауап: Сіздің бұл пікіріңізбен келісе алмаймын.  Аурухана бұрын қалай жұмыс істесе, қазір де солай жұмыс жасап жатыр, тұрғындарға шұғыл және емханалық-диагностикалық, медициналық көмектер көрсетілуде.
Ауруларды ауруханаға жатқызу жайы жедел түрде жүргізіледі. Сіздің жағдайыңызда балаға жедел көмек көрсетудің қажеттігі болмағандықтан, оны облыстық балалар ауруханасына жіберіп, сонда дәрігерлік көмек көрсетілген.
Қазіргі күні ғимаратқа күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, қолданыстағы аурухана аудандық емхананың емдеу-диагностикалық бөлімшесіне уақытша ауыстырылған. Онда 132 орын бар.
Тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік-жеке- меншік әріптестік шеңберінде біздің тарапымыздан «Бурабай көпсалалы ауданаралық ауруханасын одан әрі жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сенімді басқаруға беру» жобасы қолға алынған болатын. Бұл арада тағы да айта кетемін, аурухана бұрынғы кестеге сай жұмыс істеуде.
Менің аяғы ауыр келінім Ильинка ауылында  2-4 жастағы баласымен электр жарығынсыз және жылусыз отыр. Биылғы жылдың  12 ақпанында электр жарығын ажыратып, жылу батареясын кесіп кетті. Ауданға барғанымызда бұны ақыны уақытында төлемегені үшін жасады деген жауап алдық. Ал, біз қарызды түгел төлегенбіз. Енді бұны кім қалпына келтіреді және бұған кім жауап береді?
Ләззат Балытқызы Ыбыраева, Ильинка ауылы, Целиноград ауданы.
Жауап: Сіздің үйіңіз комиссия шешіміне сай көрші үйден өз бетіңізше есептегіш құрал арқылы электр қуатын тартып алғаныңыз үшін ажыратылған. Қосу үшін ақшаны төлегеннен кейін 2017 жылдың 14 ақпанында үй электрмен жабдықтау желісіне қосылды, ал, ақша қарызды жабу үшін аударылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар