Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жөн сөзге тоқтап, мәмілеге келу жолы - АРҚА АЖАРЫ

Жөн сөзге тоқтап, мәмілеге келу жолы

Достық үйінде өткен «Дау-жанжалдарды шешудегі медиацияның көмегі және оны сотқа жеткізбей реттеудің міндеттері» тақырыбындағы семинар-тренингте медиаторлардың қызметі мен тараптарды татулас-тырудағы рөлі туралы кеңінен айтылды.

 

Аяқ астынан жанжал туындай қалса, адамдардың басым көпшілігі әдеттегідей үйреншікті сотқа немесе басқа құқық қорғау органдарына жүгініп жатады. Ал, медиаторларға дауды шешкізу үшін әркім бара бермейді. Бүгінде медиация арқылы дау-жанжалдарды шешу мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Қазір облыстарда медиацияны қылмыстық құқық бұзушылық істерінен басқа азаматтық істерге қатысты дауларда пайдалануға арналған пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Соттарда осы жоба жақсы жолға қойылған. Бірқатар сот орындарында медиаторлармен кездесу өткізетін арнайы кабинеттер жабдықталған. Кез-келген сот орнында медиаторға жүгініп, жанжалды еркін, бейбіт жолмен шешуге болады.  
Медиаторлар туралы түсінік бере кетсек, олар бұрынғының ақсақалдары, би-шешендері сияқты екі жақтың дауын тыңдап алып, оны екі тараптың мүддесіне сай шешудің амалдарын қарастырады. Бірақ, шешімді өзі шығармайды,  дауласушы тараптардың өздеріне шешім қабылдатуға мүмкіндік беріп, көмектеседі.
– Медиаторлар  дауласушы тараптардың жанжалды немесе дау-дамайды сотқа жеткізбей-ақ, бейбіт жолмен шешуіне көмектесетін бітімгерлік рөл атқарады. Ол құпиялылықты, еріктілікті,  бейтараптылықты, тараптардың тең құқығын сақтай отырып, үшінші жақтың араласуынсыз даудың барлық қатысушыларымен кездесу ұйымдастыруға көмектеседі. Оның көмегімен тараптар даулы жағдайды бейбіт жолмен шешеді және барлық тараптар үшін қолайлы шешім қабылданады. Сондықтан, медиаторлар не психолог, не заңгер болмауы тиіс. Өйткені, олар өздерінің мамандықтарына сай бұрмалап алып, медиатордың негізгі міндеттерін ұмытып кетуі мүмкін, – дейді семинар-практикумның жүргізушісі, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ТМД экономикалық сотының халықаралық делдалы Жанділдә Жақыпов. Ол іс-шара барысында медиаторлар мен семинарға қатысушыларға тәжірибе кезінде кездесіп жататын түрлі даулар мен жанжалдарды шешуде қандай әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ, медиаторлар қандай да ситуация болмасын екі тараптың да көңілінен шығатын, екі жақ та келісімге келетін жағдай жасау олардың міндеттері екендіктерін еш ұмытпау керектігін баса айтты.
Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар