Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүрек жылуы - АРҚА АЖАРЫ

Жүрек жылуы

Толғауы тоқсан тіршілікте жер басып жүрген қанша адам болса, тағдырдың жолы да соншалықты тарау-тарау. Бірі атқан оқтай түп-түзу даңғыл жол, енді бірі қиындығы мен қыспағы көп, тұтқиылдан тосар сынағы мол азапты жол.

Асылында жаныңдағы жақсыға жан жылуын бөліп, қайырымдылық қолын созу азаматтық іс. Қатал тағдыр әрдайым көңілі күндей ашық, жарқырап, жайнап жүретін Әсет Байжоловты да бір сынап алмақ. «Васаби» көңілділер мен тапқырлар клубының іргетасын қалаушы, «Ақмола облысы жастар одағы» жастардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әсеттің басына түскен сынақ оны танып-білетіндерді бейжай қалдырған жоқ. Ол 2016 жылдың қараша айында жол-көлік оқиғасына ұшыраған болатын. Қазір аяғын басып жүре алмайды. Ол үшін омыртқа сүйегіне ота жасалуы керек. Қазір мұндай отаның құны бір миллион теңге тұрады. Ал, квота бойынша кезегі қоңыр күзде келуі мүмкін. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, отаны шұғыл жасау керек екен. Үстіміздегі жылдың наурыз айында.
Әсет 2014 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген болатын. Үйленген. Өзі оқып білім алған жоғары оқу орны, оның ұжымы ешқашан есінен шыққан емес. Білім ордасы да Әсет тәрізді бастамашыл, талапты жасты естерінде сақтап қалған. Сондықтан, қиын-қыстау кезде университет ұжымы мен басшылығы өз түлектеріне қол ұшын беруге ұмтылды.
Университет ректоры, қалалық мәслихаттың депутаты Мәди Елубаев Әсеттің жары Айзат Байжолованы шақырып алып, жиналған қаржыны табыс етті.
–  Айзат, әлеуметтік желілерде оқыс оқиға туралы ақпарат жарияланғаннан кейін келеңсіз жайдан хабардар болған біз қарап қала алмадық, – деді ол,– Әсетке көмектесу үшін азын-аулақ қаржы жиналды. Бүгін біз ота жасауға қажетті ақшаның екі жүз мың теңгесін өзіңе тапсыра отырып, Әсеттің тез арада құлан таза жазылып, қатарға қосылуына тілектес екендігімізді айтқымыз келеді.
Ал, Айзат болса, университет ректорына, барша ұжымға ақ алғысын білдіре келе:
– Рахмет сіздерге, жақсы адамдар. Әсеттің өзі де талайларға көмектесіп еді. Жақсылық қайтарымсыз қалмайды екен ғой, – деді.      

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар