Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыста мемлекеттік сатып алуларды өткізу барысында заңды сақтау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы болып, Бурабай аудандық құрылыс бөліміндегі кейбір өзекті мәселелер талқыланды. - АРҚА АЖАРЫ

Облыста мемлекеттік сатып алуларды өткізу барысында заңды сақтау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы болып, Бурабай аудандық құрылыс бөліміндегі кейбір өзекті мәселелер талқыланды.

Бірлесе көтерген жүк жеңіл

Жиналысты жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюро департаменті облыстық басқармасының басшысы, жұмыс тобының төрағасы Дәулет Қарымсақов ведомствоаралық жұмыс тобының биылғы жылдың 12 қаңтарында құрылғанын, оның құрамына облыстық прокуратураның, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті, облыстық тексеру комиссия-сы, облыстық қаржы басқармасы, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Мемлекеттік сараптама» кәсіпорнының Солтүстік өңірлер бойынша филиалы өкілдерінің кіргенін айтты. Бұл жұмыс тобы атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алуларына әдістемелік көмек тәрізді ықпал ету мақсатында құрылған. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу ашық жүргізіліп, веб-сайттарда ақпарат жарияланады. Мемлекеттік сатып алудың порталы бар. Жұмыс тобы мемлекеттік сатып алу жүргізетін органдардың жұмысына араласпайды, тек мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ, өкілетті орган ретінде ішкі мемлекеттік аудит департаменті де мониторингпен айналысады.
– Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу бойынша бірқатар конкурстар жарияланды. Осы орайда, жұмыс тобының кезекті отырысын өткіздік. Мемлекеттік сатып алу ақшамен байланысты болғандықтан, конкурстар назардан тыс қалмайды. Қазір атқарушы органдарға қол ұшын созып, заңсыздықтардың алдын алу, кеңес беру жұмыстарымен айналысудамыз. Мониторинг барысында кейбір мәселелер туындауда. Айталық, Бурабай ауданының лауазымды тұлғаларын шақырып, көмек көрсеттік. Мемлекеттік сатып алу кезінде бұл ауданда қандай мәселелер туын-
дайтынын сұрап біліп, талқыға салдық. Бұл ауданның ірі мемлекеттік сатып алуларына көңіл бөлдік. Өйткені, курортты аймаққа мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отыр. Бурабай аудандық құрылыс бөлімінің ақпараттары порталда жарияланды. Мысалы, мұнда 800 орындық мектеп құрылысына байланысты мәселе туындаған. Бұл мәселені жұмыс тобы талқылап, тиісті кеңестер берді, – деді Дәулет Қарымсақов өз сөзінде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар