Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түзеліп кеткендер де, қайта қылмыс жасағандар да бар - АРҚА АЖАРЫ

Түзеліп кеткендер де, қайта қылмыс жасағандар да бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Серік Бұланов биылғы жылдың екі айындағы өз жұмыстарына қатысты жағдайды жан-жақты баяндап берді.

 

Алдымен, департамент басшысының орынбасары бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесі қалыпқа келтіріліп жатқанын, осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттары мен әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы жасалғанын атап өтті. Сынақтан өту қызметінің жұмысы қылмыстық құқық бұзған азаматтарды түзетуге бағытталған. Олар әлеуметтік-құқықтық тұрғыда бақылау шараларын жүргізеді. Бұл қызметтің мақсаты – күдіктінің және айыпталушының мінез-құлқын түзету арқылы қоғамға қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ету, жазасын өтеп келгендерді әлеуметтік жағынан қолдау, қылмыстық атқару жүйесі мекемесінен босаған азаматтарды әлеуметтік орнықтыру және ақтау болып табылады.
Сынақтан өту қызметі жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес және өзге де қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеп, сынақтан өту бақылауындағы адамдарды жұмысқа және тұрмыстық жағынан орналас-тыру мәселелерін шешеді. Жазасын өтеп келгендерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс істеуді жақсарту жөнінде шараларды ұйымдастыру жоспары жасалған.
Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегі сынақтан өту қызметінен биылғы жылдың 2 айында 1543 бас бостандығынан айыру орнынан босағандар өткен. Есептік кезеңнің соңында сынақтан өту қызметі есебінде 1214 жазасын өтегендер тұрды. Оның ішінде айыбын жеңілдетуге байланысты келген 58 бас бостандығынан айыру орнынан босағандар бар. Сынақтан өту қызметінде есепте тұрғандар жеті қылмыстық іс жасаған. Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, 1364 жазасын өтеп келгендерге қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөнінде жеке бағдарламалар жасалды. Жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 1450 жеке бағдарлама жіберілді. Олардың 246-сы жұмыспен қамту,  573-і денсаулық сақтау, 11-і білім мекемелеріне, 620-сы өзге ұйымдарға берілді.
1173 түзеу мекемесінен босағандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында 375 жазасын өтегендер емделді. Оның ішінде ішімдіктен, туберкулезден және нашақорлықтан емделгендері бар. 141 бас бостандығынан айыру орнынан босағандар қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдері, жергілікті атқарушы органдардың ықпалымен кәсіпорындарға және инвестициялық жобалар арқылы жұмысқа орналастырылды. Жазасын өтегендердің 17-сі жеке куәлік тәрізді өзге де құжаттар алды. 453 бас бостандығынан айыру орнынан босағандар заңгерлер мен адвокаттар тарапынан заң және басқа да тегін кеңес, әлеуметтік төлемақы беру тәрізді өзге де көмек ұсынылды.
Жұмыспен қамту және тұрақты еңбекақы құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді. Көкшетау қалалық сынақтан өту қызметі бөлімі мен «Еңбек» кәсіпорнының «Еңбек-Көкшетау» филиалы, Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесі арасында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және Көкшетау қалалық сынақтан өту қызметі бөлімінде есепте тұрған адамдар үшін 40 жұмыс орнын ұсыну жөніндегі меморандумға қол қойды. Мұндай меморандумдар Степногорск қалалық және Атбасар аудандық сынақтан өту қызметі бөлімдерінде жасалды. Кәсіптік білім алу және сынақтан өту қызметінің бақылауында тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде ықпал ету мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірге әлеуметтік-құқықтық көмек алу қажеттілігінің анкетасы жасалды. Осы орайда, сынақтан өту қызметтері барлық сотталғандарды анкетаға енгізіп, ай сайын аумақтық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жібереді.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар