Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас кәсіпкерлердің мүддесін көздейді - АРҚА АЖАРЫ

Жас кәсіпкерлердің мүддесін көздейді

Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірлесе жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойды.

Жастар ұйымының көшбасшылары, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, жас кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктің өкілдері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан кездесуді жүргізген облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Еркебұлан Баяхметов өз сөзінде жастар саясатын дамыту Елбасының биылғы Жолдауындағы басымдықтың бірі екенін, жастардың мамандық таңдауында бағыттар көптігін атап өтті. Сол бағыттардың бірі – адамға материалдық байлық әкелетін кәсіпкерлік саласы. Жастардың бастамасын дамытуға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Бизнес-мектеп», «Бизнес-жоба» тәрізді оқыту жобалары жұмыс істейді. Жаңа жобалар тиімді жұмыспен қамту бағытында жүзеге асырылмақ. Барлық жобаларға жастар қатысуы тиіс. Жобаға қатысушылар ақпараттық ресурстарды пайдаланып, бизнес-жоспар құруды үйренеді. Салық тәртібімен және бизнесті мемлекеттік қолдаудың тетіктерімен танысады. Маркетинг негізі мен ұжымды басқаруды үйренеді. Оқу тегін. Қатысушыларға бизнесті қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға және қаржылай қолдау алуға мүмкіндік беретін сертификат беріледі.
Оқытудың ерекшелігі интерактивтігінде. Болашақ кәсіпкерлер лекция тыңдаумен бірге салық есебін, маркетингтік зерттеуді, тәуекелдік бағасын тәжірибе жүзінде өтеді. Кездесу барысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямов кәсіпкерлік ел экономикасының негізі екенін, осы орайда жастар кәсіпкерлігін насихаттайтындарын айтып өтті. Жастардың арасындағы озық кәсіпкерлер үлгі-өнеге етілмек. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Кездесу барысында екі жақты меморандуға қол қойылды. Бұдан кейін кездесуге қатысушы жастар өз пікірлерімен бөлісті. Кәсіпкерліктің кейбір мәселелеріне тоқталды. Мәселен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Асыл Шамарова стартап конкурсының 300 мың теңге жүлдесін жеңіп алып, бұл қаржының жетіспеуінен балалар шаштаразын аша алмаған. Кейін өз жеке кәсібін ашып, екі жылдан бері әр саладағы мемлекеттік сатып алумен айналысады. Жұмысшылар жалдап балалар алаңын салған. Келешекте балалар шаштаразы мен киім сататын дүкен ашуды армандайды. Кездесуде жастар өз ұсыныстарын да айтты. Нәтижесінде атқарылатын шаралардың жоспары құрылатын болды.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар