Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жол-дауында болашақ бағдарымызға негіз болатын бес басымдықтың бірі ретінде адам капиталын дамытуды атап өткен еді.
Осы орайда, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болашақ мамандардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізіледі. Таяуда университетте «Кәсіпкерлік зертханасы» бизнес инкубаторы жобасы іске қосылды. Студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімі мен біліктіліктерін дамытуға арналған жоба шеңберінде «Жастар және ғылым» конкурсы жарияланды. Университет ректорының міндетін атқарушы Темірхан Жарқынбеков конкурсқа қатысуға талап білдірген жастарға табыс тіледі. Жастарды ынталандыру мақсатында конкурсқа ұсынылған жобалардың қаржыландырылатынын да ескертті. Студенттер ұсынатын жобаларды бағалау үшін әділ қазылар алқасы құрылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.