Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құжаттамалар дайындау жеңілдейді - АРҚА АЖАРЫ

Құжаттамалар дайындау жеңілдейді

Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында өткен көшпелі семинарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы» акционерлік қоғамының өкілдері мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасының және экономиканың кейбір салаларында мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін жүзеге асыру әдісі бойынша  үлгілік келісім-шарттың қалай толтырылатыны жөнінде түсінік берді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктері мен өңірлік орталықтарының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және «Даму» қорының өңірлік филиалдарының өкілдері қатысқан семинарды «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі орталығы» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары Ғалымбек Мамыраев ашып жүргізіп, үлгілік құжаттама жергілікті атқарушы органдарда қолданылатынын атап өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев өз сөзінде Үкімет екінші басымдықтың аясында дамытылатын мемлекеттік-жекеменшік серіктестігіне ерекше назар аударып, жоспар жасағанын атап көрсетті. Елбасы ел халқына арнаған биылғы Жолдауында жекеменшік капиталын тарту үшін мемлекеттік- жекеменшік серіктестігінің мемлекеттік мүлікті сенімді басқару, сервистік келісімдер тәрізді өзге де түрлері мен формаларын пайдалану қажеттігін айтқан болатын.
– Шағын жобаларға қатысты келісімнің барлық тәртібін көбірек қысқарту тездетілуде. Осы орайда, біршама сараптама қысқартылады. Аталмыш серіктестік инфрақұрылымдарды, оның ішінде әлеуметтік саланы дамытудың негізгі тетігі болуы тиіс. Бұл бағытта алдағы уақытта оқу курстары өткізілмек. Бүгінгі таңда Парламентке ұсынылатын заңнамаға өзгерістер енгізу үшін өңірлердегі билік өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап жүрміз,–деді Нұрым Аязбаев. Семинар барысында «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі орталығы» акционерлік қоғамының бэк-кеңсесі басшысының орынбасары Евгений Аманбаев сөз сөйлеп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің тетігін реттейтін заңды актілердің өзгеруі жөнінде түсінік берді. Аталмыш серіктестіктің конкурсын өткізу кезіндегі тәртіп өзгеріп, сараптамадан
өту мерзімі екі-үш есе қысқарған.
– Бұған техникалық қиын жобалар кірмейді. Ведомствоаралық үйлестірудің жоқтығынан мәселе туындайды. Осы орайда, мемлекеттік-жекеменшік жобасын қарайтын салааралық топ құрылып, мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады. Бұл топ өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамына енгізілмек. Бұрын концепцияға облыс әкімі қол қоятын. Қазір бұл міндет сала басшыларына берілді. Мемлекеттік қолдау көрсетілмейтін жобаны банктер қарайтын болды. Типтік құжаттамаға өзгерістер енгізу үшін пікірлер мен ұсыныстар тыңдалуда. Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері арасындағы кейбір мәселелер реттелуде. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі бағдарламасын басқару тетігі енгізілмек,– деді Евгений Аманбаев. Семинар соңында қатысушылардың сауалдарына тұшымды жауап берілді.

Рамазан Тілеуов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар