Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сот жүйесіне ел сенімін арттыра түсуіміз қажет - АРҚА АЖАРЫ

Сот жүйесіне ел сенімін арттыра түсуіміз қажет

Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауын жұртшылық тағатсыздана күтеді. Өйткені, Жолдауда еліміздің алдағы жылдардағы негізгі бағыт-бағдары айқындалып,  әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлар көрініс табады, соның ішінде ең бастысы, халықты әлеуметтік жағынан қорғау мәселелеріне жете назар аударылады. 

Биылғы Жолдау да көпшіліктің күткен үміт үдесінен шықты. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында  әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайларға орай тәуелсіз мемлекетіміздің жүргізетін ішкі-сыртқы саясаты нақтыланып, көңіл бөлінетін маңызды мәселелер түгел айқындалған.  «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты  Жолдауда  еліміздің өткен ширек ғасырлық тарихи жолы сараланып, алдағы басты міндеттері белгіленген.
«Қазақстанның Бірінші жаңғыруы» бәріміздің есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ның темір құрсауынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынуымен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді», – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Биылғы Мемлекет басшысының Жолдауының ең басты мақсаты – еліміздің әлемнің бәсекелестікке қабілетті 30 мемлекетінің санатына қосылуына жағдай жасау. Осы орайда, Елбасы назар аударылатын бес басым бағытты атап көрсетті.
Жолдауда сондай-ақ, сот, прокуратура органдары жұмыстарын заман талабына сай қайта құру жайы да айтылды. Елбасы «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез-келген ықпалды жою маңызды», – деп атап көрсетті. Сотқа деген қарапайым халықтың сенімін арттыру үшін ең алдымен оның ашықтығы мен қолжетімділігі, әділдігі және созбалақтамай жедел шешілуі маңызды орын алатындығы белгілі. Сот саласындағы соңғы жылдарда жүзеге асырылып келе жатқан өзгерістердің бәрі осы бағытта жүргізіліп, қазірдің өзінде біршама жұмыстар атқарылды. Өткен бір жылдың ішінде облыс соттары жүйесінің жұмыстары жа-
йында түрлі ақпарат құралдарында жалпы ауқымы 1263 мақалалар мен телехабарлар жарияланған екен. Олардың 710-ы авторлық мақалалар. Сонымен бірге, сот қызметкерлерінің түрлі ұжымдармен  373 кездесуі, басқа да көпшілік шаралары өткізіліп, сот саласының жұмысы жа-йында әңгімелер қозғалған. Соттың жеке  сайтында өткізіліп жатқан шаралар мен жаңалықтар үнемі жарияланып тұрады.
«Сот кабинеті» сервисі сот жұмысын халыққа жақындатып, ашық ете түсті. Интернет арқылы кез-келген адам сотқа арыз беріп, өздеріне қатысты істердің қай деңгейде қаралып жатқандығынан хабардар болып отыруларына мүмкіндіктері бар. Өткен жылы «Сот кабинеті» сервисі арқылы облыс соттарында 36145 құжат, оның ішінде 22088 талап-арыз тіркелген. Сонымен бірге, «Әкімшілік істерді жолдау» сервисі арқылы электронды түрде  14062 әкімшілік іс жолданып, тіркелді.  Мұның өзі халықтың электронды қызметті пайдалануға деген ынта-ықыласының арта түскендігін көрсетеді. Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияны қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, қағазбастылық кедергілерді жояды. Сондай-ақ, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарды болдыру себептерін кемітеді және адамдардың уақытын үнемдеп, сот жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Өткен жылы атқарылған жұмыстарға назар аударар болсақ, сот шешімдері сапасының барлық көрсеткіштер бо-йынша жақсара түскендігін байқаймыз. 2016 жылы барлығы 30867 азаматтық іс қаралса, олардың 16006-ы сот шешімін шығарумен айғақталған, ал,  10439 іс сот бұйрығын шығару бойынша қаралған. Мұндай дәрежедегі істер қатары оның алдындағы жылмен салыстырғанда  36,5 пайызға өскен. Бұған Азаматтық процессуалдық кодекстегі сот бұйрығын шығару арқылы қаралатын істер қатарының кеңеюі ықпалын тигізіп отыр.  Медиаторлардың қатысуы арқылы қаралатын істер саны оның алдындағы жылмен салыстырғанда алты еседей көбейгендігі көрінді. Адамдардың көбі ұсақ-түйек дау-дамайларды сот арқылы емес, араағайындық институттың, яғни, медиаторлардың көмегімен шешудің оңтайлы екендігін сезіне бастаған жайы бар.
Елбасының өз Жолдауында атап көрсеткен сот беделін арттыруға соттың қарапайым халықтың мүдделерін қорғап, бұзылған конституциялық құқықтарын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарының тигізер ықпалы зор екендігі анық. Өткен жылы  жұмыстан заңсыз шығарылған 20 адамның бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, сот шешімімен жұмыстарына қайта орналас-тырылды. Сонымен бірге, елу миллион теңге көлеміндегі жалақы қарызы сот шешімімен өтелді.
Бала біздің болашағымыз десек, балалардың құқықтарының аяқ асты болып жататын жайлары да өкінішке орай, кездесіп қалады. Өткен жылы өз міндеттерін дұрыс орындамаған ата-аналарға қатысты 182  азаматтық іс қаралса, соның 104-і бойынша талапкерлердің арыздары қанағаттандырылды, яғни, сонша адам ата-аналық құқықтарынан айырылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы Ақмола облыстық соты ұжымында жан-жақты талқыланып, онда белгіленген міндеттерге назар аударылды. Облыстық соттардың ұжымдары еліміздің қазіргі заман талабына сай болашақ даму бағдарын айқындаған Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді орындауға өз үлестерін қосатын болады.

Нұрғазы ӘБДІҚАНОВ,
Ақмола облыстық сотының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар