Қазақстан халқы үшін жаңа жыл – Наурыз мерекесі. Барша түрік халқы тарих бойынша, жаңа жылды көктемдегі күн мен түннің теңелуі кезінде тойлайды.
Ежелгі Қазақстанның елі наурыз айында көктемнің келуін ай бойы тойлаған. Біздің ойымызша, жаңа жылды қарсы алу дәстүрі ежелден келе жатқан мереке. Шындығында жаңа жылдың 25 ғасырлық тарихы бар. Бұл мереке тұңғыш рет Месопотамияда (Двуречье) пайда болған. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жаңа жылды алғашқы рет үшінші мыңжылдықта тойлаған. Жаңа жылды тойлау дәстүрі ежелгі вавилон тұрмысына да енген. Барлық шаруашылық жұмыстары наурыз айының соңында, Тигр мен Евфраттың су көздері ашылғаннан кейін басталады.
Үндістанның әр ауданында жаңа жылды әр уақытта, қыркүйектен наурызға дейін қарсы алады. Мереке құрметіне ұшырылған көлемі өте үлкен, түрлі-түсті батпырауықты екі мерген садақпен атады. Біреуінің оғының басында от болады. Батпырауық жанған кезде той басталады.
Болгарияда жаңа жыл дастарханына басқа да тәтті тағамдармен бірге күміс теңге қосып, бірнеше қабат етіп пісірген самса қойылады. Оның жанында денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің белгісі – кизил ағашының бір бұтағы жатады. Күміс теңгеге тап болған адам жаңа жылда зор бақытқа кенеледі деп есептеледі. Дастархан басында біреу түшкіріп қалса, жақсы ырымға санайды. Оған көктемде туған алғашқы қозыны, лақты, құлынды, әйтеуір, бір жас төлді сыйға тартады.
Иранда жаңа жылды наурызда қарсы алады. Дәл сағат 12-де үстел басындағылар қолына күміс теңге ұстауға тиіс. Әйтпесе, халық нанымында ол адам жыл бойы жат елде өмір сүреді.
Эфиопиялықтар жаңа жылды қыркүйектің 10-11-інде қарсы алады. Сосын самырсын ағашының көлеңкесінде жаңа жылға арнап дастархан жаяды. Балалар жаңа жылға арнап салған суреттерін ата-анасына сыйлайды. Үй ортасына жіп керіп, әлгі суреттерді іліп қояды. Содан кейін мерекелік дастархан басына отырады.