2017 жыл атауы Тауыққа тиесілі. Табиғат күші – от. Сондықтан, Тауық отты, қызба болып есептеледі. Негізгі түсі – қызыл және қызылға жақын реңктер – алтын түстес, қызғылт, сары.
Шығыс болжамдары бойынша Тауық отбасының басқарушысы, сонымен қоса ерте оянады, тәртіпті қадағалап, бақылайды. Сол себепті де, алдағы жылы қоғамдық өмірдің ырғағынан жаңылмай, барлығына үлгеріп, бақылауда ұстауға тырысу қажет, сонда сәттілік үнемі сіздің жағыңызда болады.
Көптеген жұлдыз белгілері үшін 2017 Тауық жылы келеңсіздікке толы деп аталады. Бұл кез келген салаға қатысты, ол – бизнес немесе махаббат, қиын мінезді Тауық жылының әсерін әрқайсымыз сезінетін боламыз.
Жалпы, Тауық жылы қандай болады дегенге келсек: әтештің қызба мінезі секілді долы, қай жағынан келетінін болжап болмайтындай, түрлі-түсті қауырсындары секілді ашық реңктерге толы болмақ. Өзгерістердің көп болғаны соншалық, біреуін шешпей жатып екіншісі басталып жатуы мүмкін, уақытылы дұрыс шешім шығару үшін бәрін бақылауда ұстауға тура келеді. Өзгеріс адамдардың қоғамдық өмірінде ғана емес бүкіл әлемде болады.
Астрологтардың болжамынша Тауық жылы ауыр жыл деп есептеледі. Алайда, бойында таланты бар, алға қарай талпынатын еңбекқор адамдардың еңбегі елеусіз қалмайтын табысты жыл болып есептеледі. Егер сондай мүмкіндік болып жатса, ондай мүмкіндікті қалай да жіберіп алмау керек.
Тауық әрекетсіз отыруға төзбейді, барлық іс-әрекетте ұқыптылық пен тәртіпті қалайды, сондықтан, ойды ретке келтіріп, алға қойған мақсатыңызға нақты жоспар құрылуы қажет. Тауық – мансапқор, көшбасшы, ұйымдастырушы, жауапты, жетекші, көптеген амал-әрекеттің ортасында болады. Егер сіз өзіңізге сенімді болсаңыз яғни, өз ісіңіздің шебері болсаңыз, бұл жыл сіздің жылыңыз. Өз шаруаңызға берілген жан болсаңыз, көп нәрсеге қол жеткізесіз.
Жұлдыздар жорамалы бойынша Тауық жылы адамдарға кейбір міндеттемелерді қабылдай отырып, жауапкершілікті сезінуге үндейді. Ескермей, немқұрайлылық танытуға болмайды!