Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басым бағыттар – заман талабы - АРҚА АЖАРЫ

Басым бағыттар – заман талабы

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында алдымызға жаңа, тың міндеттер қойылды.

 

Мемлекет басшысы бұл жаңғыру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары базасында өткізіліп, еліміздің ауқымды бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құратынын атап өтті. Жолдауда мемлекеттік дамудың ауқымды әрі нақты мақсаты ұсынылып, ел дамуының болашақ бағыты белгіленді. Елбасының Жолдауында басшының бастамасымен бірге «Президент бізге ұсынады – Біз Президентке ұсынамыз» қағидаты бойынша Қазақстан азаматтарымен сұхбатынан байқауға болады. Сондай-ақ, Жолдауда әлеуметтік-экономикалық саладағы даму мақсатының айқын әрі нақты жоспары жасалып, жүзеге асыру шаралары белгіленген. Шаралар Қазақстанның дамуы үшін үлкен маңызға ие.
Жолдаудың үлкен бөлігі білім мәселесіне, үштілділікті дамытуға арналған. Елбасы бүгінгі бастаманы келешекте жастар жалғастыратынын, осы орайда өскелең ұрпақтың білімді болуы маңызды екенін атап өтті. Бұл кез-келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіші. Біздің департамент өңірдегі барлық саламен жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау саласын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды, қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлықпен күресті және ең бастысы, отандастарымыздың арасында патриоттық сезімді нығайтуды одан әрі жетілдіру бойынша маңызды жоспарлар ерекшеленеді. Біз тәуелсіздік жағдайында тәрбиелендік. Сондықтан, жаңа бағыттың қозғаушы күші болуға тиіспіз. Қазақстан ауыл шаруашылығы ресурстарына бай үлкен ел. Қаржы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған. Егіншілік пен мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне мол пайда әкеліп, ел экономикасына қаржы құяды. Қазақстан инвестициялық климатты жақсарту, жұмысқа орналастыру, тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру, тұрғын үй және өзге де салаларда елеулі жетістіктерге қол жеткізді.
Өзгертулер мен толықтырулардағы басымдықтың бірі – әкімшілік пен қылмыстық істі ізгілендіру, кәсіпкерлік саласында құқық бұзушылық санкция-сын азайту, оны мемлекеттің құқықтық стандарттарына сәйкестендіру. Мемлекет басшысы айтқан басымдықтар онжылдықта жүзеге асырылады. Бірақ, елді индустриялық-инновациялық дамыту жұмыстарының алғашқы жемісін жақын арада көреміз,–дейді атқарушы биліктің өкілдері. Жаңғырудың әр бағыты маңызды әрі ауқымды, ерекше назарға ие. Бұл міндеттерді орындау біздің қоғамның тұрақтылығын нығайта түсіп, барлық халықтың жағдайын жақсартады. Жаңғыру біздің халқымыз үшін бүгінгі таңда өмірдің қажеттілігі.

Сансызбай БЕЙСЕНОВ,
облыстық қазынашылық департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар