Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бостандыққа шыққандардың қуанышын бірге бөлісті - АРҚА АЖАРЫ

Бостандыққа шыққандардың қуанышын бірге бөлісті

Гранитный кентінде орналасқан ЕЦ-166/25 жалпы режимдегі түзеу мекемесінде алғашқы рет «Қақпа алдында кездесу» жобасын іске асыру мақсатында дөңгелек үстел жиыны өткізілді.

 

Аталмыш іс-шараны Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Серік Бұланов ашып, жүргізіп отырды. Әлеуметтік жобаның басты мақсаты – түзеу мекемесінен босатылып шыққаннан кейінгі алғашқы күндері әлеуметтік бейімдеу үшін жағдай жасау болып табылады. Аталмыш шараға жергілікті атқарушы органдардың, ішкі істер департаментінің, прокуратураның, үкіметтік емес ұйымдардың, білім, денсаулық сақтау басқармаларының, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар қайта әлеуметтендіру процесінің тиімділігі  көптеген жағдайларға байланысты екендігін атап өтті.
Айталық, бостандыққа даярлау және сотталған азамат босатылғаннан кейін бейімделу кезеңінде көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық көмектердің маңыздылығы зор. Жазасын өтеп шыққан адамдарды бейімдеу – бұл тек қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің ғана міндеті емес.
Барлық уәкілетті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың кешенді ынтымақтастығы осы күрделі мәселені шешуге көмектеседі.  Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру   басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сергей Киласьев, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Серік Сәдуақасов, облыстық білім басқармасының бас маманы Мұрат Тоқсанбаевтар сөз сөйлеп, бостандыққа шыққан азаматтарға жылы лебіздерін білдіре келіп, мемлекет тарапынан
әрбір адамға көрсетілетін қызмет түрімен таныстырды.
   Бұл күні аталмыш түзеу мекемесінен Е.Сәлімгереев пен С.Холин бостандыққа шықты. Олар өз кезегінде жағдайларын ойлап, жиналғандарға алғыстарын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар