Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екінің бірін қызықтыратын туризм - АРҚА АЖАРЫ

Екінің бірін қызықтыратын туризм

оң қолайымызға келіп жатыр ма? Әлде…

Өткен жылы облыс орталығындағы «Кристалл» сауда үйінен шыға бергенімізде, алдымыздан өзге ұлттың екі қызы шығып, жолдасым екеуімізге: «шет елге барғыларыңыз келе ме? Қай елге барғанды қалайсыздар? Қашан соңғы рет шет мемлекетте дем алдыңыздар?» деген сауал қойды. Өзімізше жауап беріп жатырмыз. Содан қолымызға бір купон ұстатып, лоторея тәрізді ойын ойнатылатындығын айтып, ұялы телефон нөмірлерімізді жазып алды. Біраз уақыт өткен соң, шамамен екі аптадан кейін болар, қоңырау шалып, біздің купон ұтысқа іліккенін хабарлады. Бардық…

Айтқан мекен-жай бойынша барсақ, туристік агенттік екен. Онда ешқандай да лоторея ойнатылған жоқ, агенттіктің кезекті тұсаукесері өткізілді. Айтқандай барлық жағдайды тамаша баяндап, Тайланд, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері елдерін жіпке тізгендей әдемі тілмен әсерлі баяндаған жігітіміз, ең соңында «сіздер қай елге баратын едіңіздер?» деді. Менің ойымда ештеңе жоқ:
– Біріккен Араб Әмірліктерін көріп қайтсақ деп едік, – дедім.
– Қанша уақыт дем аласыздар? Бір апта, екі апта немесе бір ай?
– Екі апта жетіп қалар, – деді жолдасым.
– Онда сіздер біздің агенттіктің жеңілдіктерімен 3 мың АҚШ долларын төлеп, мына мемлекеттерге, мынадай демалыс аймақтарына баруға мүмкіндіктеріңіз бар. Жолдаманы қашан аласыздар? –деді. Ақша төлейтінімізді естіген соң, жолдасым екеуіміз түрлі себептер айтып, қазір жұмыстан шыға алмайтынымыз жайында сылтаураттық. Әлгі маман 2 мың доллар тапсаңыздар, мынадай елдерге бара аласыздар деп, бізге тағы да бірқатар демалыс орындарын ұсынды. Аумаған желілік маркетинг дерсіз. Біраз сөйлесіп отырғаннан кейін 250 мың теңгеге тоқтады. Бір аптаға бір мемлекетке барып, дем алып келуге болатындығын білдік. Әрине, мұндағы демалыс орындарының жағдайына, қызметіне, танымалдығына байланысты бағасы да қымбаттай береді екен. Ең арзан дегендерінде жағдай да, қызмет те, жатын орындары да орташа.
Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстанда туристік сала тұралап тұр, айтарлықтай дамымай жатыр деген сын-пікірлер көптеп кездеседі. Осы орайда, облыстық туризм басқармасының мамандарымен әңгімелескен едік.  
–Туризм саласының дамуы мамандардың жұмысты ұйымдастыруына тікелей байланысты. Ал, біздің елде туризм саласының мамандары өте аз. Мәселен, облыстық басқарманың өзін ғана алып қарайтын болсақ, небәрі 6 маман отырмыз. Басқарманың туризм бөлімінде бір меңгеруші, екі бас маман бар. Облыста туризмді жете дамыту үшін осы үш маман не істей алады? Мемлекеттік қызметті жүзеге асыра ма, туризмді дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыра ма, әлде қаптап кеткен жиындар мен мәжілістерге қатыса ма? Жыл сайын мамандар санын қысқартып, бюджетті үнемдейміз дейді, ал, мамандар тапшы болып, жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаса, бұл сала қалай дамиды?! Қазақстанда  туризм саласының мамандары «Қызыл кітапқа» енген барыстардан төрт есе төмен. Осымен 5 миллион туристі қабылдаймыз дейміз. Қалай қабылдаймыз? Неше түрлі жобаларды бекітеміз, алайда, оны іске асыратын мамандарға, адамдарға тағы да көп мән бермейміз. Үкіметтік ұйымдар мен ұлттық компанияларға ысыра саламыз. Олардың мақсаты үкіметтің қаржысын өздеріне қарай көбірек тарту. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, ішінде адал қызмет ететіндері бар. Бірақ, мақсатсыз кетіп жатқан қаржы қаншама? – деп, облыстық туризм басқармасының бас маманы Серік Рақметұлы жанына батқан бар жағдайды баяндап берді.  
Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, облыстан өткен жылы шамамен 15 мыңға жуық адам шет мемлекеттерде дем алған. Ал, біздің облысқа шет мемлекеттерден 244142 адам келіп, дем алған. Оларға 4117,7  миллион теңге шамасында қызметтер ұсынылған. Алдыңғы жылдарға қарағанда келушілердің саны өткен жылы 20 пайызға ұлғайыпты. Ал, курорттық аймақтарды бөліп қарайтын болсақ, 3182 орыннан 3495,3 миллион теңге қаржы түскен. Шындығында да, егер біздің елде туризм саласын мықтап қолға алып, дем алушыларға шет елдердегідей жағдай жасалатын болса, олардан қыруар қаржы түсіруге болады. Сондықтан, билік басындағылар туризм саласында жұмыс істейтін мамандардың санын жыл сайын қысқарта бергеннен гөрі, керісінше ұлғайтқаны дұрыс емес пе. Себебі, олардың ұйымдастырушылық және жарнамалық жобаларының, жұмыстарының арқасында ғана шетелдіктерді тартуға болады.
Фейсбук парақшасында Қазақстан туризм индустриясын дамытып жатқан көптеген елдің туристік доноры болып табылады деген жазуды көзім шалып, оқып шықтым. ҚР Инвестиция және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали: «Өз кезегінде 2001-2015 жылдар аралығында  Қазақстанға келген резиденттер болып табылмайтындар саны 59489294 адамды құраған. 2001-2015 жылдары ел аумағынан шет елдерге дем алуға 83771998 қазақстандық шығыпты. 15 жылдағы жағымсыз айырма 24282704 адам. Мұндай үрдістің басты салдары ел капиталының сыртқа кетуі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстаннан сыртқа шыққан туристер саны елге келушілерге қарағанда 1,5-2 есеге асып кеткен және елдің төлем балансында туристік сальдо үнемі теріс болуда. 2015 жылы сальдо минус 400 миллион долларға жетті» деп жазыпты. Бұл меніңше, АҚШ долларының курсы 130 бен 180 аралығында болған кезеңдегі көрсеткіштер болар. Бірақ, курс күрт өсіп кеткеннен кейін біздің елден шығатын туристер саны да тез азайған.
– Қазіргі таңда Түркияға ғана ерте брондау ашық. Туристердің басым көпшілігі жаз мезгілінде осы елге барып, дем алғанды жөн көреді. Ал, қысқы уақытта туристер көбінесе Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктерін  таңдап жатады. Өткен жылы шамамен біздің туристік агенттіктен 300-350 адам шет мемлекеттерге шықты. Алдыңғы жылдары бұл көрсеткіштер әлдеқайда жоғары болатын, қазір керісінше ай сайын азайып барады. Себебі, АҚШ доллары өсіп жатыр, ал, біздің елдегі адамдардың жалақылары сол қалпы. Шет мемлекеттердің еңбекақыларының мөлшерімен салыстырғанда тым төмен. Сондықтан, билік басындағы жоғары лауа-
зымды тұлғалар мен бизнес өкілдері болмаса,  қарапайым халықтың қалтасы мұны көтере бермейді. Сол себепті, олардың жазғы демалыс уақытында бар қауқары Бурабайға немесе Зеренді аумағындағы бір көлдің жағасында бала-шағасымен дем алып қайтуға ғана жетеді, – дейді Жолымбет туристік агенттігінің Арна есімді менеджері.
«Мұрагер» туристік фирмасының мамандарымен сөйлескенімізде олар біздің облыс тұрғындары көбінесе Түркия мемлекетіне барғанды жөн санайтындықтарын айтты. Онда басқа мемлекеттерге қарағанда бір жағынан арзандау, екінші жағынан климаты да біздің елге жақын, яғни, ұқсас. Наурыз айынан бастап брондап, мамыр айының соңына дейін 1000 доллар шамасында екі адамға дем алып қайтуға болатындығын жеткізсе, адамдардың нағыз демалысқа шығып, дем алатын кезі маусым-шілде, тамыз айларында билеттер құны қымбаттайтындығын да ұмыт қалдырмады. Мәселен, шілденің 15-інен әрі таман он күнге дем алуға жолдама алу үшін 5 жұлдызды отельге екі адамға екі апта дем алуға 2296 АҚШ доллары қажет екен. Ал, осындай отельде екі адам он күн дем алса, 1741 доллар керек. Маманның айтуына қарағанда, қысқы уақыттарда жолдамалар арзандайды екен, әрі бұл уақытта дем алушылар саны да азайып кететін көрінеді. Мәселен, қысқы маусымда Дубайға бір барып келуге бір адамға 1 мың доллар шамасында ғана қаражат керек екен.
Сөйтіп, біз тұсаукесер рәсімінің соңында купонымыздың нөмірін көрсетіп, Алматыға ұшуға бір билеттің жарты құнын ұтып алдық. Ешқандай да шет елге емес, өзіміздің әсем Алматыға баруға…
Туризм саласының шынымен де ақсап жатқандығына туристік агенттіктер мен фирмалардың осындай әрекеттерге баруынан-ақ көз жеткізуге болатын шығар.

Ырысалды Шамшиева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар