Лондон қаласында өткен Орта Азия елдерінің көктемгі «Наурыз» фестивалінде ақмолалық жастар шет-елдіктерді Қазақстан мәде-ниетімен таныстырды.
Биыл 8-ші рет ұйымдастырылып отырған «Наурыз» фестиваліне Қазақстан, Əзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тəжікстан, Иран, Түркия, Шығыс Қытай, Татарстан жəне Өзбекстан елдерінен барған 2 мыңға жуық адам қатысты.
Аталмыш шара Лондонда Орта Азия елдерінің (CASF) көктемгі «Наурыз» фестивалі ретінде танымал. Осындай CASF-2017 шарасы Gower Street, University College London (UCL) тəрізді оқу орындарында да ұйымдастырылды. Лондондағы «Риджентс» университетінің студенттері, қазақстандық Райымбек Қасенов пен Əйгерім Тұқаеваның айтулары бойынша жобаның басты мақсаты – шетелдіктерді еліміздің мәдениеті және салт-дəстүрімен таныстыру.
Шараға қатысқан қонақтарға Орта Азия елдерінің ұлттық əн жəне би өнері көрсетіліп, тағамдары ұсынылды. Сондай-ақ, ұлттық спорт ойындары мен салт-дәстүр, əдет-ғұрыптарын дәріптейтін, мазмұн-мағынасын ұқтыратын шаралар ұйымдастырылып, ұлттық бұйымдардың көрмесі өтті. Шарадан түскен қаржы Орталық Азия өңірінде қайырымдылық мақсатқа жұмсалатын болады. CASF көмегімен соңғы 7 жылда 25 қайырымдылық жобасы жүзеге асырылған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.