Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңызды жобалар қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Маңызды жобалар қаралды

Облыстық мәслихаттың хатшысы, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы  Дулат Нұрмолдиннің төрағалығымен өткен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихаты шешімінің, сондай-ақ, 11 нормативтік-құқықтық актілердің жобалары қаралды.

Оларды облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары, жер қатынастары жөніндегі басқармалар мен басқа да мемлекеттік органдар ұсынды.
Қоғамдық кеңес мүшелері әсіресе, «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгертулер енгізуді қарастыратын құқықтық құжаттың жобасына ерекше назар аударды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлгаждаровтың хабарлауынша, бюджетті қайта қараудың және жыл басында жинақталған артық қаржының есебінен қалыптасқан қаржы көздері бірінші кезекте 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымын аяқтауға және жаңа жылу беру маусымына уақытында дайындалуға бағытталды. Бюджетте әлеуметтік салаға, тұрғын үй құрылысына, инженерлік инфрақұрылымдарға жататын нысандарды қайта жаңарту және олардың құрылысын жүргізу жөніндегі  инвестициялық жобаларды іске асыруға да қаржы қарастырылып отыр. Сондай-ақ, бұл жобаларды одан әрі жүзеге асыру үшін салалық министрліктерге дер мезгілінде өтінімдер беру мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалар да-йындау шаралары қолға алынуда.
Бұған қоса, әлеуметтік сала мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарын материалдық жағынан жарақтандыруға көңіл бөлініп отыр. Бөлінген қаржының есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу және аталған салаларда ауқымды іс-шаралар өткізу қарастырылған. Тұтастай алғанда, облыстық бюджетке енгізілетін түзетулер әлеуметтік маңызы зор міндеттерді шешуге бағытталған, – деп атап көрсетті Бауыржан Мәлгаждаров өз сөзінде.
Басқа нормативтік-құқықтық актілер мемлекеттік қызмет көрсету, егістікке зиянды арамшөптерге байланысты карантиндік аймақтарды белгілеу, Көкшетау және Степногорск қалаларында бірқатар көшелерді қайта атау, Ақмола облыстық мәслихаты аппараты «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің қызметіне баға беру әдістемесін бекіту, тағы сол сияқты бірқатар мәселелерді қамтыды.
Отырыс соңында кеңес мүшелері облыстық Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты ағымдағы мәселелерді қарап, талқылады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар