Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ғаламтордың пайдасы зор, алайда ... - АРҚА АЖАРЫ

Ғаламтордың пайдасы зор, алайда …

Білім мен ғылым күн өткен сайын өркендеп, ақпараттық  технологиялар аса жедел қарқынмен дамуда. Әсіресе, дүбірлі дүниені желден де жылдам кезетін ғаламтор жүйесін қазіргі таңда қолданбайтын адам аз шығар.

«Таяқтың да екі ұшы бар» демекші, бұның да зиянды жақтары сан алуан екенін ұмытпауымыз керек. Мамандардың айтуынша, әрқилы түске еніп, жалт-жұлт жанатын монитор көзге үлкен күш салады. Сондай-ақ, электромагниттік сәулелер адамның жүйке жүйесіне әсер ететін көрінеді. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші ғаламтор желісінде байқасаңыз, жаңбырдан соң қаулаған саңырауқұлақтай «Синий кит», «Тихий дом», «Разбуди меня в 4.20», «f57», «f58» ,«50 дней до моего…», тағы басқа осы тақылеттес балалардың психикасын бүлдіріп, өзіне-өзі қол жұмсауына жағдай тудырып, тіпті, ашып айтсақ, өлімге итермелейтін ойын сайттары пайда болып, барша жұртты алаңдатуда.
Осыған орай, біз өзіміз еңбек ететін аудандағы  №1 Егіндікөл орта мектебінде 10 ақпаннан 10 наурызға дейін «Өмірге иә дейміз» атты айлық іс-шараның аясында «Бізге интернеттен денсаулық қымбат» атты акция өткіздік. Акцияға қатысушы оқушылар мектептен аудандық орталық алаңға дейін шаңғымен жүріп өтіп, көшеде кездескен адамдарға ақпараттық парақшалар таратып, қауіпті сайттардан  аулақ болып, оның есесіне салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
 Ешқандай шеті мен шекарасы жоқ, тілді де талғамайтын аталмыш ойын сайттары әуелі Ресей елінде пайда болып, әлемге кең тараған көрінеді. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп ұлы данышпан Абай атамыз айтқандай, осындай еріккеннің ермегінен ежелгі көршімізде пайда болған осынау от шығарар ойындар біздің елге де қауіп төндіріп қана қоймай, еліміздің бірнеше жерлерінде  жастарымыз осы қаскөй ойындардың құрбанына айналып та үлгеріпті. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, бұл пәлекеттің шеңгелді тырнағы мен құрбанына әлі оңы мен солын танып білмеген, өмір құндылықтарын түсіне бермейтін, өтпелі шақ кезеңіндегі 11 – 15 аралығындағы балалар мен жасөспірімдер және отбасы мейірімінен тысқары қалған, отбасылық жағдайы төмен балалар көптеп ілігетін көрінеді. Сондықтан, болашағымызға балта шаппай, ұрпағымыздың тәрбиесіне әрдайым мән беріп, олардың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіре өсіріп, азғындыққа азғыратын аты шулы ойын сайттарымен ел болып, қоғам болып күресуіміз керек.     
Аманкелді РАЙХАНҰЛЫ,
№1 Егіндікөл орта мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар