Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шалғам – небір дертке дауа - АРҚА АЖАРЫ

Шалғам – небір дертке дауа

Ет жеп үйренген қазақ үшін көкөніс пен жеміс нәрі аз шөп-шалам болып саналады. Ал, шындығында, түрлі дәрумендерге бай көкөніс өнімдері пайдалылығы  жағынан еттен де асып түсетінін ғалымдар дәлелдей түсуде.

Сондай пайдалы, нәрлі көкөністің бірі – орыс тілінде редиска аталатын шалғам.  Шалғам әсіресе, көктемде адам ағзасы әлсіреп, дәрумендер жетіспеушілігі байқалған тұста өте қажет екен. Бұл тамыр жемістің қышқыл дәмі оның құрамында қыша майының болуымен түсіндіріледі.
Күнделікті көріп жүрген ақ және ашық қызғылт шалғамдардан бөлек қоңыр, қою қызыл, сары, тіпті сия түсті көк шалғамдар да болады. Тамыр жемістің құрамы  В1, В2, В5 сияқты дәрумендерге және ниацин, калий, кальций, фосфор, натрий, темір, магний сияқты заттарға бай. Шалғамның бір түйінінің өзі адамның аскорбин қышқылының бір тәуліктік қажеттілігін өтей алады.
Ал, аскорбин тәнге түскен жарақаттардың тез жазылуына, ас қорытуға көмектеседі. Құрамында ақуыздар мен түрлі майлар және қант та кездеседі.
Шалғамды артық салмақтан зардап шегіп жүрген адамдарға көбірек жеу ұсынылады. Ол тәндегі майды азайтып, артық салмақтан арылуға үлкен ықпалын тигізеді. Сондықтан, шалғам диета сақтағандарға ұсынылған тағамдардың құрамына міндетті түрде енгізіледі. Сондай-ақ, бүгінде
белең алған жүрек, қантамыр ауруларынан зардап шеккендер үшін де пайдалы. Ол асқазан сөлінің бөлінуін жақсартып, ас қорытылуын жеделдетеді. Шалғамның құрамында қант деңгейін көбейтпей ұстап тұруға жәрдемдесетін элементтер бар. Яғни, оны қант сусамыр дертіне шалдыққандардың тұтынуына да болады.
Түрлі дерттерге дәру саналатын шалғамды дегенмен, барлық аурумен ауыратындардың пайдалануларына болмайды. Гастрит, асқазан жарасы сияқты дертпен ауырғандар үшін шалғамды аптасына бір реттен артық тұтынуға болмайды. Ішкі секреция бездері бұзылған жағдайларда суға бұқтырып жеген дұрыс болады.
Интернет материалдары бойынша дайындаған  
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар