Облыс орталығының іргесіндегі Краснояр №3 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Жандос Жанат Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен ұлттық мәдениет пен фольклордың «Народные Истоки» халықаралық фестивалінен олжалы оралды.
Жүлделі бірінші орынды жеңіп алған ол жоғары орындау шеберлігі үшін арнайы дипломмен де марапатталды.
Бұл халықаралық фестивальде алыс-жақын шетелдерден келген бір мыңнан астам өнерлі жастар би, театр, вокал, фольклор, хор бойынша бақтарын сынады.
Осындай үлкен байқауда жас талапкердің биіктен көрінуі жерлестері үшін зор қуаныш. Жандос әлі мектеп оқушысы, бар келешегі алда. Сондықтан, оған алдағы уақытта жаңа табыстар тілейміз!
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Көкшетау қаласы.