Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жергілікті жерлердің тыныс-тіршілігімен танысты - АРҚА АЖАРЫ

Жергілікті жерлердің тыныс-тіршілігімен танысты

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жұмыс сапарымен Степногорск қаласында және Целиноград ауданында болып, өнеркәсіпті шаһар мен Астананың іргесіндегі ауданның даму барысымен танысты.

Өңір басшысы алдымен «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» акционерлік қоғамының Ақсу кенішіндегі жаңадан салынып жатқан техногенді-минералды жасандыларды өңдеу фабрикасының құрылыс алаңында болды. Кәсіпорынның бас директоры Евгений Балашовтың айтуына қарағанда, салынып жатқан «Қазақалтын технологиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы жылдың қараша айында іске қосылады.
Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарына оң бағасын беріп, жобаны жүзеге асыру өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, дәл осындай жоба Бестөбе және Шаңтөбе кенішінде де қолға алынған. Екі жобаның құны 63 миллион АҚШ долларын құрайды. Әрқайсысында да 100-ден астам жұмыс орны ашылады. Ал, Степногорскідегі табиғи көкөністерді өсірумен айналысатын «Қазақстанның жылыжай кешені» серіктестігі өнім түрлерін көбейтуде. Бұл туралы облыс әкіміне  жылыжай басшысы Александр Грибалев айтып берді.
Одан әрі облыс әкімі «Степногорск-Еуропалық подшипник корпорациясы» акционерлік қоғамының өндіріс цехында болып, болат подшипниктерді шығару жұмыстарымен танысты. Зауыт биылғы жылы диаметрі 800 миллиметр ірі габаритті подшипниктер шығаруды жоспарлап отыр. Зауыт басшысы Анатолий Томиловтың айтуына қарағанда, аталмыш кәсіпорын осыған дейін жолаушылар және жүк вагондарына, тепловоздар мен электровоздарға қажетті подшипниктер шығарып келген болатын. Соңғы кездері теміржол саласынан сұраныс азайған соң кәсіпорын еуропалық үлгідегі подшипниктердің жаңа түрін шығаруды қолға ала бастаған.
–Биылғы жылдың алғашқы екі айында жаңа үлгідегі 2063 мың тонна подшипник немесе 2,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Дайын өнім Қазақстан мен Ресей нарықтарына саудаға шығарылуда. Жаңа өнімге сұраныс артты. Сонымен қатар, биыл диаметрі  800 миллиметр ірі габаритті 115 түрлі подшипниктер шығаруды жоспарлап отырмыз, – деді кәсіпорын басшысы.
Кəсіпорын жұмысына қаныққан аймақ басшысы өндіріс қарқынын арттыру қажеттігін атап өтті. Бұдан кейін облыс әкімі Степногорск жылу энергия орталығы, «Сказка» балабақшасы және тұрғын үй-коммуналдық бағдарламасы бойынша жаңғыртылған жетінші шағын аудандағы №51 көпқабатты тұрғын үйде болды. Бірыңғай есептік орталықтың директоры Динара Жұманованың айтуына қарағанда, қаладағы 282 көпқабатты үйлердің елу па-йызы ескіріп, жөндеуді қажет етеді.
Бұл үйлерді жөндеу үшін шамамен 500 миллион теңгедей қаражат керек екен. Облыс әкімі осындай жөндеуден өткен үйлердің бірін көріп, бұл мәселені толық зерделеп барып нақты шешімге келетінін атап өтті.
Жұмыс сапарын қорытындылаған Мәлік Мырзалин қала активімен кездесіп, атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды және алда тұрған міндеттерді белгіледі.
Облыс әкімі Целиноград ауданындағы жұмыс сапары барысында су және канализация жүйесі үшін қажетті темір-бетон бұйымдарын шығаратын «Сапа су», түрлі көлемдегі құбырлар мен көтергіштер шығаратын «Kaiser Engineering» және «Sky Express Elevator kz» серіктестіктері сияқты кәсіпорындарда, білім, әлеуметтік сала  нысандарында болып, тыныс-тіршілігімен танысты.
Аймақ басшысы алдымен Қосшы селосындағы «Сапа су» серіктестігінде болды. Кәсіпорын жылына су және канализация жүйесіне қажетті 107 мың темір-бетон бұйымдарын өндіреді. Серіктестік өнімдерінің негізгі тұтынушылары еліміздің солтүстік және орталық аймақтарының кәсіпорындары. Өнім өткізуде кедергі жоқ. «Kaiser Engineering» серіктестігі канализациялық құбырлар мен үй қабырғаларын шығарады. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 30 миллион теңге көлемінде субсидия алған. Серіктестік басшысы Данияр Қалмағамбетовтың айтуынша, шетелдік жаңа құрылғылармен жұмыс істейтін кәсіпорын өнімдерінің сапасы жоғары.
Тұрғын үйлер мен өндіріс орындары үшін көтергіштер шығаратын «Sky Express Elevator kz» серіктестігі бүгінгі күнге дейін 11 эскалатор мен  80 лифт жасап сатыпты. Негізінен көтергіштерді Алматы, Астана, Семей, Орал және Көкшетау қалаларының кәсіпорындары мен мекемелері сатып алып жатыр екен. Қазір өндірісті кеңейту бағытында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол аяқталған кезде өндіріс көлемі біршама артпақ.
«Қазына – SR» серіктестігі кеңселер мен мектепке дейінгі мекемелер, ауруханалар  үшін жиһаздар дайындаумен айналысады. Серіктестік басшысы Сайра Матайбаеваның айтуынша,  2018 жылы кәсіпорын толық қуатындағы жұмысқа көшіп, өндіріс көлемін ғана емес, оның түрлерін де арттыратын болады. Аймақ басшысы Қосшы селосындағы №2 орта мектепте болды. Ауданда бүгінгі күні 17 мыңнан астам бала білім ошақтарында тәлім-тәрбие алуда. Осыған орай, облыс әкімі мектептен тыс  оқыту орындарының санын көбейту қажеттігіне назар аударды.
Өңір басшысы ет өндіретін «CapitalProgectsLTD» құс фабрикасында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен танысты.  Астананың азық-түлік белдігін жасау аумағына кіретін өңірдегі кәсіпорын мұздатылған құс еті мен ет өнімдерін шығарады. Кәсіпорын басшысы Сергей Зинченко 2018 жылы серіктестік жоспарланған 20 мың тонна өнім өндіру деңгейіне жететінін айтты. Облыс әкімі бұдан кейін Қосшы селосының орталық қазандығында болып, салынып жатқан мешіт пен «Бақыт» ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді аралап көрді және аудан басшыларына биылғы көктемгі егіс науқанына дайындықты пысықтауды тапсырды. Сонымен бірге, көктемгі су тасқынына қапысыз дайындалуды, бөгеттер мен өзен арналарын, суағарларды тазарту тәрізді апаттың алдын алу шараларын жүргізуге мұқият назар
аудару керектігін ескертті.
Облыс әкімі сапар барысында ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесіп, кооператив құру туралы, оның тиімділігі мен ұтымдылығы жөнінде егжей-тегжейлі сөз қозғап, осы бір мәселені мықтап тапсырды. Сапар соңында аудан активімен жүздесіп, бұған дейін атқарған шаруаларды қорытындылаған соң алдағы міндеттерді белгіледі.
Суреттерде: Степногорскідегі «Қазақстанның жылыжай кешені» серіктестігінде; Целиноград ауданындағы құс фабрикасының еңбек тынысы.

Аслан Оспанов.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар