Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәсекеге қабілеттілікке бастайтын бағдар - АРҚА АЖАРЫ

Бәсекеге қабілеттілікке бастайтын бағдар

Сағынай СЕЙІТЖАНОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласы отыз дамыған елдің қатарына қосылуда бәсекеге қабілеттілігімізді адами-рухани жағынан жаңғырту арқылы арттыру қажеттігіне назар аудартады.
Елбасы айтқандай, болашақты жарқын ететін, мемлекетімізді алға дамытатын да келер ұрпақ. Сондықтан да, олардың санасына ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді, әдебиетіміз мен тілімізді, ділімізді сіңіріп, бойларында ұлттық болмысты, ұлттық кодты қалыптастыруымыз қажет. Өзінің ұлтының тарихын, мәдениетін білмейтін, сыйламайтын  азаматтар бірнеше тілді меңгерсе де, еліміздің көсегесін көгерте қоймайды. Сондықтан, Елбасы мақаласында айтып өткен ұлттық код мәселесі отбасыдан, мектептен бастау алуы тиіс. Сол себепті, бәсекеге қабілеттілікті арттыруда біз ең алдымен жастардың білімге деген құлшынысы мен ынтасын, қызығушылығын арттыруымыз керек.
Елбасының мақаласы жарияланғаннан кейінгі қоғамда кеңінен насихатталып, талқыланған үлкен мәселе – ол кирилл әліпбиін латынға ауыстыру жайы болып отыр. Тарихи кезеңдерді басынан өткерген халқымыз бұл жазуды 1929-1940 жылдар аралығында қолданған еді. Латын әріптерін бүгінде мектеп қабырғасында оқып жүрген балғындарымыз ағылшын тілі пәнінде үйреніп жүр. Меніңше, кез келген сауатты қазақстандық мектепте белгілі бір шет тілін оқып шықты. Латын қаріптерінен хабары бар. Енді тек оны қазақ әріптеріне сәйкестендіріп, ғалымдарымыз жасап берсе, 2025 жылға дейін жеңіл меңгеріп аламыз.
Мына бәсекеге толы жаһандану заманында кез келген жақсы жаңалықты тез меңгеріп, бейімделетіндер ғана мақсатына, табысқа қол жеткізеді. Ендеше, бүгін біз тұтас ұлт болып, ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуымыз міндет. Бұл орайда, бар саланы компьютерлендіру, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын енгізу, үш тілде білім беру жүзеге асырылуда. Барлығының да нәтижелі болуынан үміт күтеміз.

Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар