Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кока-кола: ол туралы не білеміз? - АРҚА АЖАРЫ

Кока-кола: ол туралы не білеміз?

Сіз кока-коланың ауруды уақытша тоқтататын қасиеті бар екенін білесіз бе? Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз мезгілдерінде қала сыртына шығып демалғанда жәндік, шыбын-шіркей  шағып алған жағдайда көп көмегі бар. Денеңізді шағып алса, ашып не ауырып тұрған жерге кока-коланы құйсаңыз, жеңілдеп қаласыз.
Кока-кола тотты керемет кетіреді. Үйде тот басып, қолданыстан шығып қалған зат болса, сол затты түнде кола құйылған ыдысқа батырып қойыңыз да, таңертең жақсылап ысқылап, жуып-шайып алыңыз.
Ол терезені жақсы жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді, автокөлігіңізді жуғанда тиімді нәтижесін көрсетеді.  Терезені жуып болған соң, сулы шүберекпен сүртіп алыңыз.
Бұл сусынды тамақ дайындауда да қолдануға болады. Коланы өзіңізге ұнаған соуспен араластырып, дайын болған қосындыны етке жағып қойсаңыз, таңертең маринадталған ет дайын. Тауық етіне мұндай қосынды карамельді дәм мен иіс береді.
Үйіңізде біртүрлі иіс бар ма? Арнайы сұйықтық қосылған шелектегі суыңызға кока-кола қосып, еденді жуыңыз. Иіс жоғалады. Сонымен қатар, өзіңіздің үстіңізден де қолаңса иіс шығатын болса, коланы үстіңізге құйып, ысқылап, артынан таза сумен шайыныңыз. Тағы бір айтатыны, кока-коланың шашқа пайдалы әсері бар.
Кейде үйдегі ыдыс-аяғымыз «товарный видін» жоғалтады. Түбінде болсын, сыртында болсын, сырылған қара сызықтар, қара дақтар пайда болады. Ыдысыңыздың бастапқы көрінісін қайтару үшін оған  бір бөтелке коланы құйып, оны жай жанып тұрған отқа қойып, қайнатып алыңыз. Бір сағаттан соң ішіндегісін төгіп, ыдысты жуыңыз.
Кока-кола киімдегі дақты жақсы кетіреді. Ол үшін кір жуғыш ұнтаққа коланы араластырып, сол киімді жусаңыз  тіпті, қанның дағы да кетеді. Оған қоса, киіміңізде жағымды иіс болады.
Кока-кола асқа тойып, асқазаныңыз қорыта алмай тұрғанда, жүрегіңіз айнығанда жақсы көмектеседі. Бір стақан кола ішіп алсаңыз, кішкенеден соң жеңілденіп қаласыз. Бұл сусын тамақ ауырғанда, диареяда да керемет көмекші бола алады.
Әрине, қазір кока-кола туралы пікір әртүрлі. Тіпті, көлік радиаторын да сонымен жуып, тазалайды екен, оны ішкен адам ағзасынан не қалады деген де пікір бар.  Дегенмен, кока-коланың пайдасы бары жоғарыдағы айтылғандардан анық байқалғандай.
Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар