Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Махаббат – сезімдердің патшасы - АРҚА АЖАРЫ

Махаббат – сезімдердің патшасы

Облыс жастары «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» ғашықтар күнін ойдағыдай атап өтті. 

2011 жылдың 15 сәуірінен бастап, еліміз бойынша Ғашықтар күні аталып өтілуде. Осы орайда, орталық саябақта жиналған Көкшетау жастары да өздерінің риясыз сезімдерін әсем ән мен күмбірлі күй өрілген әсем кеште білдірді.
Мерекелік кеш махаббат ағашының салтанатты ашылуымен бас-
талды. Оны жақында отау құруға ниет білдірген Жанат Салықов пен Деляра Қауыпова есімді жұптар лентаны қиып, махаббаттың белгісі ретінде құлыптарын осы ағашқа іліп қойды. Жанат Салықовтың айтуынша, «Бұл мереке біздің қоғамға ең қажетті мейрамдардың бірі. Себебі, адамдардың арасында махаббат берік болса, шаңырағы шайқалатын отбасылар аз болады. Ал, бұл мейрам жұптардың бір-бірін қалтқысыз сыйлауға үйретеді» дейді. Сонымен қатар, Көкшетау қаласының №18 орта мектебінің оқушылары Қозы мен Баянның махаббат хикаяларын театрландырылған көрініс арқылы көрсетті. Бұдан әрі белгілі ақын Алмас Темірбай жастарды ғашықтар мерекесімен құттықтап, сезімнің патшасы – махаббат қадірлеуді талап ететіндігін айтып өтті. Бұдан соң, облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының «Талант» жас ақындар клубының жетекшісі, ақын Мерген Тоқсанбай «Көкшетау. Көктем. Махаббат» тақырыбында облыстық онлайн мүшәйраның қорытындысын шығарды. Бірінші орынды Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Серғазы Қайырболды жеңіп алды. Айта кетерлігі, оның «Көкшетау кездесу» өлеңіне 31 арна телеарнасының түсірілім тобы бейнебаян да түсіріп берген екен. Ал, екінші орынды Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің білім алушысы Үсен Табысбек алса, үшінші орынды Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Абзал Балтабаев қанағат тұтты. Ал, сөз байласып жүрген жастардың арасында үздік фотосуреттер байқауында Көкшетау қаласының жоғарғы колледждің 4 курс оқушысы Ақылбек Құланов пен аталмыш білім ордасында 2 курста оқитын Альмира Сатыбаеваның ұлттық нақыштағы суреттері үздік деп танылды. Шара соңы би кешіне ұласты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар