Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұмытылмайтын Чернобыль - АРҚА АЖАРЫ

Ұмытылмайтын Чернобыль

Кешегі кеңес заманындағы ауыр оқиғалардың бірі болып табылатын Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа да осы сәуір айының 26-сында 31 жыл толады.

  Осы орайда, Көкшетау гуманитарлық-техникалық академиясында  қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен осы апаттың зардабын жоюға қатысқан  ақмолалықтармен кездесу кеші болып өтті. Содан бері қаншама жыл өтсе де осы апатты естіп емес, өз көзімен көрген Николай Юдин,  Анатолий Фартуна,  Жақсылық Жанғабылов және  Александр Кулебаба  үшін  Чернобыль апатының  зардабын  жою үшін  КСРО-ның әр өңірінен еріктілер жіберілді. Олардың  ішінде 22 мыңнан астам қазақстандықтар да   бар болатын. Солардың үш мыңға жуығы ақмолалықтар еді. Олар  радиация зардабының кең жайылуына жол бермеді.  
Аталмыш кеште кешегі апатты жоюдың қаһармандары ауыр күндердің тақсыретімен бөлісті. Жақсылық Жанғабыловтың айтуынша,  ол 24 жасында осы апатты ауыздықтауға аттанған. Сол кезде  отау құрып, жары екеуі тұңғыштарын күтіп жүрген екен. Алайда, оған  осы апатты жоюға қатысасың деген нұсқау түскен. «Чернобыльда әртүрлі жұмыстарды атқардық. Бас-тысы, халықты атом зардабынан құтқару еді.  Қазір өткен күндерді есіме алсам, сол кезде қазақстандық жауынгерлер бірліктің бағасын білген,  әлемге үлгі болған нағыз ержүректер екен», – дейді.  Ал, Николай Юдин   болса,  апат  көп адамның денсаулығына зиянын тигізгендігін айтып өтті.  Отан алдындағы  парызды адал атқарудың жарқын үлгісін паш еткен кеш  барысында жастар қонақтарға  сауалдар қойып, аға буынның ақыл-кеңестерін  тыңдады.
Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар