Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ортақ – мүдде, бір – мақсат - АРҚА АЖАРЫ

Ортақ – мүдде, бір – мақсат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы қоғамымыздағы үшінші жаңғырудың басты бағыттарын айқындап берді. Облыс бойынша ең ірі қоғамдық ұйымдардың бірі болып табылатын біздің  кәсіподақтар федерациясы 10 салалық кәсіподақтарды біріктіреді. Олардың құрамына 90 мыңнан астам мүшесі бар 1178 кәсіподақ ұйымдары кіреді.

  Біз өз жұмысымызды қарапайым еңбек адамдарының мүддесін қорғау тұрғысында  жүзеге асырамыз. Тоқсан сайын облыстың кәсіподақ активімен және облыстағы кәсіподақ орталықтарының үйлестіру кеңестерімен жиындар өткізіп тұрамыз. Өткен жылдың ақпан айында әлеуметтік әділдік күніне орай актив отырысын ұйымдастырдық. Наурызда «Еңбек құқық қатынастары саласындағы медиация» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Оған облыстық сот, прокуратура, ішкі саясат басқармасы, еңбек инспекциясы, кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері және облыстағы салалық кәсіподақтар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысып, біраз мәселелер талқыланды. Жеңіс күні – 9 мамырда біздің кәсіподақ орталығының қызметкерлері келместің кемесіне аттанып жатқан, қатарлары әбден сиреп қалған Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне, яғни, бұрын кәсіподақ мүшелері болғандарға  барып, мерекелерімен құттықтап, азын-аулақ сый-сыяпат жасады.
«Қазақстанның кәсіподақтары күніне» арналған кәсіподақ автивінің отырысына облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков қатысып, аудандардағы кәсіподақтардың жұмыстарын әлі де ширатуды тапсырды. Осы сияқты кәсіподақтар ұйымдарының мүшелерімен өткізіліп жатқан іс-шаралар да аз емес. Солардың бірі – ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстағы кәсіподақ активінің кездесуі. Егемендігіміздің 25 жылында атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер, алдағы жоспарлар, ұйымдар мен ұжымдардағы мәселелер толығымен осы іс-шарада тағы да бір қорытындыланды.
Облыстық кәсіподақ орталығының бастамасымен үш жақты комиссия отырысында «Еңбек саласының болашағы мәселелері бойынша Халықаралық еңбек ұйымы бастамасының тұсаукесері туралы» мәселе қаралды. Талқыланған сауалдар арасында әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты және еңбекақыны уақытында төлеу, еңбек қауіпсіздігі және сақтау жағдайы, жұмысшыларды жұмыстан босату фактілері, еңбек қарама-қайшылықтарының туындауы сияқты мәселелер қаралды.
Қазақстан Республикасының  жаңадан қабылданған Еңбек кодексін түсіндіру бойынша да біршама жұмыс атқарылды. 17 аудан мен екі қалада түсіндіруге арналған семинар-кеңестер ұйымдастырылды. Еңбек ұжымдарымен көптеген кездесулер өткізіліп, бұл шараларға 3 мыңнан астам адам қатысты. Жаңа көшбасшыларды оқыту курстары ұйымдастырылды.
Облыстық кәсіподақ орталығының жанынан «Қоғамдық қабылдау» ашылды, оған кез-келген кәсіподақ мүшесі консультациялық кеңестер алуға жүгіне алады. Қазір жылжымалы қоғамдық қабылдауларды тәжірибе жүзінде іске асырып жатырмыз. 2017 жылға арнайы кесте құрылып, Көкшетау қаласы мен аудандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға әр айдың соңғы сәрсенбісі барамыз. Қоғамдық қабылдаудың құрамына облыстық прокуратура мен «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті, кәсіподақ орталығының өкілдері кіреді. Ең алғашқы кездесу облыстық аурухана ұжымымен өткізілді. Оған 120 адам қатысты. Сол сияқты 22 ақпанда екінші қоғамдық қабылдау РК-2 базасында өткізілді, онда шамамен 700-дей адам жұмыс істейді. Олар өздерінің сұрақтарына тікелей жауапты мамандардың жа-уаптарын алды. Кәсіподақ ұйымына мүшелікке өтудің басты қозғаушысы кәсіподақ ұйымы атынан ұжымдық келісім-шарт немесе келісім жасау және ол жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын жақсарту мен реттеуде   баға жетпес рөл атқарады. Тараптардың әлеуметтік серіктестік міндеттерін алуларының арқасында аймақтардағы еңбек ұжымдарындағы тұрақтылық пен келісімді, тыныштықты сақтауға көп мүмкіндік береді.
Өткен жылдың басында 2016-2018 жылдарға арналған әкімдік, облыстық кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілер арасында облыстық келісімге қол қойылды. Облыстық салалық кәсіподақтардың сегізі жүйелі түрде мемлекеттік және шаруашылық органдармен келісімдер жасап тұрады.
Мәселен, «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС, «Тыныс», «Степногорск подшип-
ник зауыты» акционерлік қоғамдарының ұжымдық келісім-шарттары қосымша көптеген кепілдіктер, атап айтқанда  жоғары біліктілігі мен сыныптылығына қосымша ақы, тамақтануға  үстеме қаржы, санаторлық-курорттық емделуге, балаларының демалысына үстемеақы береді. Бұл мақсаттарға жұмыс берушілер есебінен айтарлық қаржы жоспарланады. Нәтижесінде бұл ұжымдар ешбір жанжалсыз, қарама-қайшылықсыз тұрақты жұмыс істеп келеді. Туындай қалған мәселелер келісу түрінде орындарда шешіледі.  Бұл жұмыс берушілерге жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыратын және шығарылып жатқан өнімнің сапасын жақсартуға, сонымен бірге, еңбек ұжымдарындағы тәртіпті нығайтуға көмек береді. Өткен жылғы «Тыныс» АҚ ұжымдық келісім-шарты бойынша шығын көлемі 274 миллион теңгені құраған. Оның ішінде жыл сайынғы кезекті демалысқа шығу, материалдық көмек, жоғары біліктілігіне төлеу, тамақтануға үстемеақы бөлу бар.
Облыста салалық кәсіподақтар 802 қоғамдық инспекторларды сайлады, олар жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін күзетуге, олардың құқықтарын қорғауға, ұжымдық келісім-шарттар мен келісімдердің орындалуын қадағалауды бақылайды. Облыстық кәсіподақтар жұмысшылар мен олардың отбасыларының сауықтырылуына аса көп көңіл бөледі. Өткен жылы кәсіподақ бюджетінен жұмысшылардың санаторлық-курорттық емделуіне және балаларының демалысына 35 миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған.  Орталық апта сайын өңірдің әлеуметтік-еңбек ахуалына мониторинг жүргізіп тұрады, одан шығарылып жатқан қорытындылардан кәсіподақ ұйымдары бар ұжымдарда тұрақтылық пен тыныштық сақталғандығын айқын көруге болады.
Ағымдағы жылдың ақпан айында кәсіподақтар үйінде «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары З.Нұрымованың қатысуымен Елбасының Жолдауы мен ҚР Ата заңына өзгертулер енгізу туралы үндеуін талқылауға арналған кеңейтілген отырыс болды. Онда кәсіподақ белсенділеріне осы екі маңызды мәселелерді талқылап, халыққа, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына  түсіндіру тапсырылды.
Кеңес БЕКІШЕВ,
кәсіподақтардың  облыстық
 федерациясының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар