Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
307 адам қайта үйлеріне оралды - АРҚА АЖАРЫ

307 адам қайта үйлеріне оралды

Биыл қыста қардың қалың түсуі көктемгі су тасқыны қаупін күшейтіп, осыған орай, қатердің алдын алуға дайындық ерте басталған болатын.

  Алайда, облысымыздың бірнеше өңірінде айтып келмейтін апат орын алып, көптеген үйлерді су басты. Қуанарлығы, адам шығыны жоқ. Әсіресе, 16-17 сәуірде жағдай күрт қиындап, облысымыздың 12 ауданындағы 35 жолды су алып кетті, сондай-ақ, 34 елді мекенге су жайылды. 888 үй мен 1250 аула су жайылған аумақта қалды. Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың жедел шаралар қолдануларының арқасында 2403 тұрғын мен 2206 үй жануары қауіпсіз жерге жеткізілді.
Қазіргі күні су астында қалған 318 үйдің суы сорылып алынды. Осыған орай, 307 адам өз тұрғын үйлеріне қайта оралуға мүмкіндік алды. Дегенмен, әлі де 1619 тұрғын қауіпсіз орындар мен өз туыстарында  қалуда. Апат салдарымен күреске 1055 адам, 263 техника мен 11 жүзу құралы жұмылдырылған.
Қар суының көбеюі мен жаңбыр жаууы жағдайды күрделендіріп, Жабай өзенінің деңгейі күрт көтерілгендіктен, 17 сәуірде төтенше жағдай жарияланған болатын. Өзен жағалауында орналасқан 9 елді мекеннің жанынан өтетін өзен ернеуі 1 метрден 2 метрге дейін жоғарылады. Мұндай су тасқыны соңғы рет 1964 жылы болған екен. Әсіресе, Атбасар қаласындағы жағдай өте күрделі болып отыр. Өзен деңгейі мұнда 6,1 метрге дейін көтерілді. Қауіп шегі 3,45 метр екендігін ескерсек, су деңгейінің бұлайша күрт жоғарылауының қаншалықты қатерлі екендігі айтпаса да түсінікті. Қауіпсіздік үшін тұрғызылған бөгет  төрт жерден бұзылып, 400-ге тарта үйді су алды. 1370 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. 2014 жылы да су деңгейі 2,5 метр көтеріліп, 567 үй су астында қалған болатын.
Қазір Нұра өзенінен ағатын судың бөгеліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін мұзды жару жұмыстары қолға алынуда. Целиноград ауданының Семеновка, Қараөткел, Қоянды және Талапкер ауылдары аумағында өзен суын сорып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Семеновка ауылының маңында Қалқұтан өзенінен келетін судың еркін өтуі үшін 600 метрлік су өткізгіш арық қазылды. Мұнда су көтерілуіне байланысты 3 үй мен 8 аула су астында қалған. Үйлерін су басқан 6 адам қауіпсіз орынға көшірілді.
Облысымызда су тасқынының зардабын барынша азайту бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыстық штабпен қалыптасқан жағдайға талдау жасау үшін тікұшақ арқылы әуеден бақылау жасалуда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар