Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтың ортасында - АРҚА АЖАРЫ

Халықтың ортасында

Кеше облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдиннің жетекшілігімен облыстық мәслихат депутаттарының бір тобы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен  тұрғындармен кездесу үшін  Атбасар және Сандықтау аудандарына келді.

Алдымен штабтар орналасқан №7 және №2 мектептерде болған депутаттар осында көшірілген 39 тұрғынмен кездесті. Кездесу барысында үйлері суда қалған Байдүйсеновтер отбасы шығынның қалай өтелетіні туралы сұрап білді және табиғат апатынан құтқарушыларға дер мезгілінде көрсеткен көмектері үшін алғыс сезімдерін білдірді.
Тұрғындармен әңгімелескен облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин жағдай облыс әкімінің тұрақты бақылауында ұсталып отырғанын атап көрсетті.
«Мемлекет басшысы зардап шеккен адамдардың бәріне жан-жақты көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Ешкім назардан тыс қалмайды. Көмек керек болған жандардың бәріне барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Қазір бүкіл қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде, келтірілген шығынды анықтау жөнінде жұмыстар қолға алынып жатыр. Екі ауданда жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай шаралары жарияланды. Бүгін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы қоғамдық қор су тасқынынан зардап шеккендер үшін қайырымдылық қорын құрды, сонымен бірге, азық-түлік пен киім-кешек түрінде көрсетілетін көмекті қабылдайтын пункттер ашылды», – деді Дулат Нұрмолдин.
Бұған қоса, депутаттар Атбасар №1 орта мектебінде, Полтавка, Пакровка селоларында болды, бөгеттегі жағдаймен,  зардап шеккендерден өтініш қабылдау жөніндегі аудандық штабтың жұмысымен танысты.
Жоғарыдағыдан аздау деңгейдегі табиғат апаты Сандықтау ауданын да айналып өтпеді. Мұнда 280-нен астам  үй суда қалып, 670 адам уақытша пункттер мен туыстарының үйлеріне орналастырылған. Депутаттар Сандықтау және Балкашино селоларының тұрғындарымен кездесті. Олардың тұруына барлық жағдайлар жасалып, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Дәрігер мамандар мен психологтар жұмыс істеуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар