Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа пилоттық жобаларды жүзеге асырудамыз - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа пилоттық жобаларды жүзеге асырудамыз

Елбасымыздың биылғы Жолдауы еліміздің әлемдік сапа стандартына ұмтылуын  негіздеді. Соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үлкен маңызға ие.

 

Елбасы бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға, «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құруға және ұсынылатын мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған  «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды. Бүгінгі таңда департамент түрлендіру жоспарымен жұмыс істеуде. «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы мемлекет пен азаматтарға қатысты өзгерістің негізгі драйвері болуы тиіс.
Бұл бағытта орталық ішкі өзгерістер жасап, азаматтармен жұмыс істеуде үздік әрі тиімді, цифрлық тәжірибені енгізуде. Бұл міндетке қол жеткізу үшін мемлекеттік корпорация биылғы жылғы дамудың үш негізгі бағытын анықтады. Бағыттар ұсынылатын қызмет кезінде сервисті арттыру, қызмет көрсету үдерісіне жаңа технология енгізуді және қызмет көрсету ауқымын ұлғайтуды қамтиды. Алдағы уақытта қызмет үйге жеткізілетін болады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет алу кезінде өзекті мәселелерді шешу жұмысы жүргізілуде. Жыл басында облыс аумағындағы тіркеу орнына тәуелді болмай, сәбидің тууына және күтілуіне берілетін жәрдемақы құжатын толтыруға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Бүгінгі таңда департамент мемлекеттік қызметті сапалы әрі кедергісіз көрсету үшін барлық шараларды қолға алды. Тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарында пандустар, шақыру құралы және қабылдайтын арнайы терезе бар. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер үйіне тұрғындарға қызмет көрсету орталығының қызметкерін шақыра алады. Өткен айдың басында мемлекеттік қызметке кедергісіз қол жеткізу аясында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа сервисі іске қосылып, есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған азаматтар тұрғындарға қызмет көрсету орталығының жеңілдік жасалатын терезесінен көмек алатын болды. Мұнда олардың құжат алуына сурдоаудармашылар көмектеседі.
Орталық биылғы жылдың қаңтар-ақпан айында 403259 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 282312 қызметті электрондық түрде көрсетті. Тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарында ешкімнің көмегінсіз қызмет атқаратын «Connection point» секторы ұйымдастырылып, жабдықталған. Сектор кеңесшілері барлық енгізілген жаңалықтар жөнінде айтып, қызметті қалай алуға болатынын үйретеді. Биылғы жылдың екі айында облыс бойынша «Connection point» секторы арқылы 70 мың мемлекеттік қызмет алынып, 90 мыңнан астам кеңес берілген. Өңірде бес жедел тұрғындарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтар ресми интернет-ресурста, аудандық әкімдіктердің сайтында және өңірлік БАҚ-ында жарияланған кестемен шығады.
Осы бағытта есептік мерзімде 9127 мемлекеттік қызмет, оның 66,6 пайызы электрондық түрде көрсетілді. Өткен жылы жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметті қысқарту жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Бұл пилоттық жобаның мақсаты – «Жер телімдері құнын кадастрлық анықтау» және «Жер телімдері құнын кадастрлық бекіту» қызметтерін біріктіру. Сөйтіп, жер телімінің кадастрлық құнын анықтау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқарды. Мұндай 247 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Биылғы жылдың басында композиттік қызметті енгізу бойынша екі айлық пилоттық жоба іске қосылды. Әділет органдарында тіркелуге құқық беретін жер телімінің әртүрлі идентификациялық құжаттары жасалды. Сөйтіп, қызмет алушы мемлекеттік корпорацияға жолыққан кезде мемлекеттік актіні алуға және кейін әділет органдарына тіркелуге екі өтініш беріп,  тұрғындарға қызмет көрсету орталығына қайта бармайды. 2310 композиттік қызмет көрсетілді. 2017 жылдың 16 қаңтарында «Қайтыс болғандарды тіркеу, оның ішінде азаматтық жағдай актілері жазуы-на өзгертулер, толықтырулар енгізу» және «Қайтыс болғандарға бір мезгілдік төлемақы тағайындау» композиттік қызметті енгізу бойынша алты айлық пилоттық жоба жүзеге асырылды. Бір мезгілде екі мемлекеттік қызмет алған адам қайтадан тұрғындарға қызмет көрсету орталығына бармайды.

Руслан ШӘМШИЕВ,
облыстық тұрғындарға қызмет
көрсету орталығы директорының
міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар